1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет39/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы, 2005.
2. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2003.
3. Қалиев Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2004.
4. Антипов Г.А. Текст как явление культуры. –Новосибирск: «Наука», 2010.
5. Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. –Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы, қалыптасу мен дамуы, зерттелу жайы.
2. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры, оның басты белгілері, сөздік құраммен арақатынасы.
3.Сөздік құрамның тарихи арналары. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
4. Байырғы төл лексика. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.
5. Кірме сөздердің зерттелу жайы. Кірме сөздердің тұлғалық және семантикалық өзгерістерін нақты мысалдар негізінде талдап түсіндіру.


6. Түркологиялық сөздіктер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, заттық, сындық, қимылдық ұғымдарға байланысты жалпытүркілік сөздерге мысал келтіріңіздер.


7. Берілген мәтіннен монғол, араб-парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді белгілеп, оларды этимологиялық сөздіктердің көмегімен қаншалықты дәрежеде тұлғалық және мағыналық өзгеріске ұшырағандығын анықтаңыз.

Темір кереуеттің бас жағында, дар тұзағындай салбырап, екі сары сым тұратын еді. Ол электр розеткасының сымы болатын. Оны түзетуге Әсеттің мойны жар бермей жүрген. Ішкен адамның көңілі шартарапқа шабады. Қылмыс пен қиянат, суық жүріс – сондай көңілдің мәуесі болады. Алғашында, анасынан айырылған бойда еңіреу, жылаумен келген ол жайлы сая, жақсы ұя тапқаннан кейін, бесігі тербеліп, әлдиі айтылған жас сәбидің тала маужырап тәтті ұйқыға кететіндей, балалықтың алаңсыз бір жайлауына көшті. Бүтін бір класта арифметика, алгебраның еңбек-бейнеті сол есептерін, сызығы көп, қызығы аз геометрияны тригонометрия мен химияның қиын формулаларын бір жерден тапжылмай, табан аудармай отырып шығарып, дәлелдеп беретін Кабира ғана еді. Алғашқы бетіне аты жазылып, мектептің мөрі басылған талай кітапты Кабира өзі оқығаннан кейін өзгеге беріп қоя беретін (Ә.Нұршайықов).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет