1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Патронат тәрбиешілер



бет45/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

121-бап. Патронат тәрбиешілер 
1. Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады. 
2. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. 
122-бап. Патронат белгіленетін бала (балалар) 
1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. 
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. 
2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін. 
3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар. 
Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады. 
123-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы 
(балаларды) асырап-бағу 
1. Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. 
2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы. 
5-бөлім. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары 
17-тарау. Ата-аналармен балалардың алименттік 
міндеттемелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет