1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды өзгерту



бет59/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

167-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды өзгерту
толықтыру және түзету тәртібі 
1. Жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі. 
2. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар - арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi беріледі. 
3. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер , толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 
168-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына 
келтіру 
1. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне беріледі. 
2. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе сот шешімінің негізінде жасалады. 
3. Азаматтық хал актілері жазбасының жоғалғаны сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облыстық (қалалық) архиві растауға тиіс. 
4. Азаматтық хал актілерін жазатын органдардың жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен анықталады. 
5. Азаматтық хал актілерінің қалпына келтірілген жазбаларын тіркеуді жоғалған жазба болған жердегі азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет