1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке



бет61/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

173-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке 
бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп 
танылғаннан кейін туған балалардың 
тууын тіркеу 
Некеде тұрған кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екі жүз жетпіс күннен аспаған болса, жалпы негізде жүргізіледі. 
174-бап. Туу туралы арыз беру мерзімдері 
Туу туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органдарына бала туған күннен бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалуға тиіс. 
175-бап. Тауып алынған баланың туылғанын тіркеу тәртібі 
Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Мәлімдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жасаған хаттама қоса тіркеледі. 
Ескерту. 175-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
176-бап. Тууды салтанатты жағдайда тіркеу 
Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда - азаматтық хал актілерін жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазатын органдар мен жаңа туған баланың ата-аналарының келісімімен өзге жерде тіркеуді Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібіне сәйкес қамтамасыз етеді. 
177-бап. Туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін 
мәліметтер 
1. Баланың туу туралы жазбалар кітабына баланың туған уақыты, туған жері, жынысы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, оған қойылған аты, тегі, әкесінің аты, сондай-ақ ата-аналарының аты, әкесінің аты, тегі олардың тұрақты тұратын жері және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты жазылуға тиіс. 
Жазылған жазбаға сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырыптууы туралы куәлік беріледі. 
2. Бала өлі туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабындағы ерекше бағанада тиісті белгі жасалады.
Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.
24-тарау. Әке болуды анықтауды тіркеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет