205-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен, ал екеуінің бірге тұратын жері болмаған жағдайда - аумағында екеуінің бірге тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді .
206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау 1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңдарымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді . Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актілерін жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы.
207-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын жері болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңдары қолданылуы мүмкін.
208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа да отбасы