1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою



бет60/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

169-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою 
1. Азаматтық хал актілері жазбасының: 
1) сот шешімінің негізінде; 
2) мүдделі адамдардың арызы бойынша; 
3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін. 
2. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша - сотқа немесе азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне беріледі. 
3. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті жазба болған жерде жүргізіледі. 
170-бап. Азаматтық хал актілерін жазу ережелерін бұзғаны 
үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі 
Лауазымды адамдар азаматтық хал актілерін тіркеуден негізсіз бас тартқаны үшін, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде тапсырмағаны немесе теріс мәліметтер тапсырғаны үшін, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін (осы Заңның 91-бабы) заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге тиіс. 
171-бап. Азаматтардың некеге тұруға кедергі келтіретін 
мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал 
актілерін жазатын органдарға жалған мәліметтер 
бергені үшін жауапкершілігі 
Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазатын органдарға жалған мәліметтер бергені үшін азаматтар заңдарға сәйкес жауап береді. 
23-тарау. Тууды тіркеу 
172-бап. Тууды тіркеу тәртібі 
1. Балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. 
2. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың біреуі, ал ата-аналары қайтыс болған, науқастанған жағдайда немесе басқа да себептермен арыз беру мүмкін болмаған ретте мүдделі адамдар немесе бала туған кезде шешесі жатқан емдеу мекемесінің әкімшілігі жазбаша немесе ауызша түрде береді. Арызға емдеу мекемесінің анықтамасы, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір медицина қызметкерінің немесе олар болмаған жағдайда кемінде екі куәнің арызы қоса беріледі. Азаматтық хал актілері жазылатын кітаптарға ата-анасын,ата-анасының атын, әкесінің атын, тегін, ұлтын жазу осы Заңның 49, 50, 55-баптарының 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі. 
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын тіркеу (осы Заңның 61-бабы) жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет