1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әке болуды анықтауды тіркеу тәртібі



бет62/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
178-бап. Әке болуды анықтауды тіркеу тәртібі 
1. Әке болуды анықтауды тіркеу осы Заңның 46-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда ата-ананың біреуі тұратын жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында, ал осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда әке болуды анықтау туралы сот шешімі шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі. 
2. Кәмелетке толған адамдар жөнінде әке болуды анықтауды тіркеуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. 
179-бап. Әке болуды анықтау туралы куәлік және баланың 
тууы туралы жаңа куәлік беру 
Әке болуды анықтауды тіркеген кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары әке болуды анықтау туралы актілерді тіркеу кітабына бала, оның анасы мен әкесі туралы мәліметтерді жазадыәке болуды анықтау туралы куәлік және баланың тууы туралы жаңа куәлік береді. 
25-тарау. Некені тіркеу 
180-бап. Некені тіркеу туралы арыз 
Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына арыз береді. 
181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау 
1. Некеге тұратын адамдар: 
1) жеке басын куәландыратын құжаттарды; 
2) белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын, осы Заңның 10-бабында аталған құжаттарды; 
3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді
4) балалары туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті. 
2. Некеге тұратын адамдармен келісе отырып, некені тіркеу мерзімі белгіленеді (осы Заңның 13-бабы). 
182-бап. Некені тіркеу тәртібі 
1. Некені тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында жүргізіледі. 
Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы: 
1) некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді
2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 
3) некеге тұруға келісетінін және жұбайлардың қалап алатын тектерін анықтайды. 
2. Неке қиюға кедергі жоқ болған жағдайда азаматтық хал актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілерін жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді. 
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет