1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


мүшелерінің алименттік міндеттемелері



бет68/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
мүшелерінің алименттік міндеттемелері 
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. 
209-бап. Бала асырап алу 
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жүргізіледі. 
2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да келісімін алу қажет. 
3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың біреуінен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 
4. Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші сот тәртібімен жойылуға тиіс. 
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді 
6. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады. 
Ескерту. 209-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет