1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Некенің бұзылуы туралы куәлік беру



бет64/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

189-бап. Некенің бұзылуы туралы куәлік беру 
1. Некенің бұзылуын тіркеу жасалғаннан кейін тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша некені бұзылғаны туралы куәлік беріледі. 
2. Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некенің бұзылуы туралы куәлікте некенің бұзылуы туралы сот шешімінің заңды күшіне енгізілетін күні көрсетілуге тиіс. 
27-тарау. Бала асырап алуды тіркеу 
190-бап. Бала асырап алуды тіркеу негізі 
Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімі негізінде бала асырап алу азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі. 
191-бап. Бала асырап алуды тіркеу орны 
Бала асырап алуды тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жерде жүргізіледі. 
192-бап. Бала асырап алу туралы куәлік және баланың тууы 
туралы жаңа куәлік беру 
Азаматтық хал актілерін жазу органдары бала асырап алу туралы куәлік береді. Асырап алынған баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерткен жағдайда (осы Заңның 86-бабы), сондай-ақ туу туралы жазбалар кітаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда (осы Заңның 88-бабы) туу туралы жаңа куәлік беріледі. 
193-бап. Бала асырап алу туралы жазбаны жою 
1. Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады. 
2. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-анасы, егер оның талап етуі бойынша бала асырап алудың күшін жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган береді. 
28-тарау. Атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу 
194-бап. Атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу 
тәртібі 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын өзгертуіне олар он алты жасқа толғаннан кейін рұқсат беріледі. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді және оны тіркеуді арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органдары жүргізеді. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуден бас тарту жөнінде сотқа заңда белгіленген мерзімде шағым жасалуы мүмкін. 
2. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі. 
29-тарау. Қайтыс болуды тіркеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет