1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде



бет66/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

201-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде 
неке қию 
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде қиылады. 
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде шетелдіктер арасында қиылған некелер, егер бұл адамдар некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы елшісін немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттің азаматтары болып табылса, екі жаққа бірдей болу шартымен Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 
202-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде 
қиылған некені тану 
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады. 
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 
203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе 
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс 
жерлерде қиылған некенің заңсыздығы 
Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенің заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезінде қолданылған заңдармен айқындалады. 
204-бап. Некенің бұзылуы 
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. 
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкін. 
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет