1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет33/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІГІ. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік,мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А).


2. Х.Ерғалив поэзиясының көркемдік поэтикасы.
Поэзия мен музыканың сиқырлы сырын бөгде сөзбен айтын жеткізу дүниедегі ең қиын нәрсе болар. Хамит Ерғалиевтің поэзиядағы алғашқы он жылдығын үлкен таланттың булығу тұсы деп айтуға болар еді. Оны ашқан халық басына түскен ұлы сын — кешегі Ұлы Отан соғысы. Ұлы жеңістен кейін қазақтың жарқырап айтылған өлең жәрмеңкесінен орын тауып, көзге түсу қандай талантқа да оңай соқпайтын. Осындай үлкен думанда қазақ поэзиясына бірден келгенХамит Ерғалиевтің даусы құлаққа ерен естілді. Бір қызық жағдай, бұрын қаға берісте сирек жарияланған Хамит өлеңдерінен хабары аз қауымға ақынның алғаш шыққан «Әке сыры» поэмасы тосын және керемет әсер етті Мұнда жалынды публицистика, философиялық ой толғау, нәзік психологиялық тебіреністер жымдасып, бір арнаға тоғысқан. Ақынның бастапқы он жылдық еңбегінің електен өткен асылы, сомдалып сығымдалған құрышы сияқты «Әке сыры» поэмасынан кейін Хамит Ерғалиев жаңаша бір қырынан жарқ етіп, оқушысын тағы бір таңырқатты. Жаңа ғана тапқан жақсы арнасын жалғай берудің орнына өзгеше бір өлең өзегін қазуға кірісіпті. Ол «Үлкен жолдың үстінде» поэмасы болатын. Мұнда да ол өзін тудырған қазақтың өлең топырағынан ойқастап шығып кетпейді. Бірақ сол өлеңнің жаңа мүмкіндігін ашып, өрісін кеңітеді. «Үлкен жолдың үстінде» — сырт көзге жұпыны, дәстүрлі дүние сияқты. Кәдімгі сюжетті поэма. Оқушы оны сүйсініп жұтып қояды да, ішінде не жаңалығы барын аңғармай да қалады. Ал ойлана қарасаң, осы поэма қазақ өлеңіне тағы бір тыныс ашқанына көзің жетеді. Қарапайым күнделікті тіршілік, прозалық құбылыстар өлең тіліне, әсіресе, поэма жанрына іліге бермейтін. Хамит осы прозалық нәрселерді поэзия тіліне аударды. Сөйтіп, қазақ өлеңінің өлеңдік қасиетін жоғалтпай — тіпті прозаның ауыр жүгін арқалап кете алатынын, сол кезде романтика мен биік пафостан төмендей алмай жүгірген поэзияның реалистік, суреткерлік қауқарының молдығын танытты. Ақын бұл поэмада проза қоймасынан көп реалистік суреттеу құралын алып, поэзияға түсірді. Кейіпкердің мінез-құлқын ашатын сөз саптасы — диалогтық не бір ойнақы тілі табылып, үлкен поэмаға — прозадағыдай тең праволы суреттеу құралы болып кіргені де — осыдан басталғанын ұмытпауымыз керек. Хамит Ерғалиев қазақ поэзиясына — жаңа заманның, бүгінгі күннің жыршысы болып келді. Ол өткен кездің батырлары мен ғашықтарын емес, біздің замандастарымызды, күнде көріп көзіміз үйренген, кәдімгі қарапайым адамдарды жырлады. Ақынның кейіпкерлері сапына колхозшыдан бастап, мелиоратор, механизатор, экскаваторшы, әр саладағы инженерлер сияқты «өлеңге илікпейтін» мамандықтың адамдары қосылды. Шынын айту керек, біздің поэзия мұндай мамандық иелерінің күнделік тіршілігіне кіре алмай көбіне сыртынан мадақтайтын «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің» атты көлемді поэмаларында ақын біздің замандастарымыздың тамаша образдарының үлкен галереясын жасады. Есболат пен Попов («Үлкен жолдың үстінде»), Гүлжан мен Көшек («Біздің ауылдың қызы»), Шапай мен Айболов («Сенің өзенің») қазір оқушыларға етене жақын болып кеткен, бейне бір прозалық үлкен шығармадағыдай жан-жақты, мінез-құлқы дараланған, сырт пішіндері де көз алдында тұратын толыққанды образдар.
Қазақ поэзиясындағы эпикалық жанрға мықтап құлаған ақын өзінің кең құлашты, үлкен арналы туындысы — «Құрманғазыны», оған жалғастыра «Күй дастан» поэмаларын жазып қазақ өмірі мен өнерінің кешегісі мен бүгінгісін жалғастырын, эпикалық ірі дүние берді. «Құрманғазы» поэмасында автор өлеңнің мүмкіндік арнасын кеңейтіп, он тоғызыншы ғасырдағы қазақ өмірін жан-жақты көрсетеді. «Күй дастан» поэмасын «Құрманғазының» заңды жалғасы дер едім. Ақынның жемісті ізденісінің нәтижесінде поэмада үлкен өнер иесі, композитор Ахмет Жұбановтың сом бейнесі жасалған. Сөйтіп, екі дастан табиғи астасып, халқымыздың әріден беріге Жалғасқан өнер жолын, рухани ізденістері мен күйзеліс-тебіреністерін жырлайтын шын мәніндегі эпикалық кесек туындыға айналды. Хамит Ерғалиев ақындық диапазоны да, тақырып шеңбері де кең суреткер. Оның шығармаларында интернационалдық сарыны үзіліп көрген емес. Атақты Чапаевқа арналған «Оралдағы отты түн» поэмасы мен Тарас Шевченконың Маңғыстаудағы өмірі жайлы толғауын бөліп айтпағанның өзінде, интернационалдық рух ақынның барлық шығармасынан есіп тұрады.


3.Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым- қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) – субъект(студент)» . оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды қолдау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауакершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім арттыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
14-билет. 1. Етістік. Дара және күрделі етістіктер. Негізгі және көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар.
Етістік – заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап болады. Мысалы: Көпойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Көкек көріпқарлығашты, Қиғаш келіп амандасты. Берілген мысалдарды ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласын(сен не істейсің?), көріп келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді?) деген сөздер заттық ұғымдағы сөздердің (сен, көкек, мен) қимылын, іс — әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздеретістіктер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет