2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы,Отты (нені?)үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен. Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы,Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек(кім?) биледі, т.б.
Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысынбілдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс. Өздік етіс қимылдың әрекет иесіне бағытталғанын білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнақтарының негізінен сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: жу-ын-ды, көр-ін-ді т.б. Өзгелік етіс қимылдың тікелей тыңдаушы арқылы емес, екінші бір бөгде адам (агенс) арқылы істелетінін көрсетіп, -дыр, -дір,-тыр,-тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т қосымшаларының сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: сал-дыр, бас-қыз, сөйле-т т.б. Ырықсыз етіс қимылдың иесі сөйлемде бастауыш қызметін атқарып, етістік сонымен қиысып қимыл иесі көрінбей, -ыл, -іл, -л жұрнағы арқылы сабақты етістіктен жасалады: кір жу-ыл-ды, сабақ сұра-л-ды т.б. Ортақ етісқимыл бір емес, бірнеше ие арқылы жүзеге асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалады: әкел-іс-ті, хат жаз-ыс-ты т.б. Ескерту: етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі жалғана береді: 1) өздік етіс-өзгелік етіс: жу-ын-дыр; 2) ортақ-өзгелік етіс: жина-с-тыр; 3) өзгелік етіс-өзгелік етіс: ал-ғыз-дыр-т-қыз, жина-т-қыз-дыр; 4) өзгелік етіс-ырықсыз етіс: жу-дыр-ыл-ды т.б.