1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет38/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
СТО-ның қағидалары: Сын тұрғысынан ойлау-бұл:
Шыңдалған ойлау,кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• Күрделі мәселелерді шешуге,аса маңызды, жауапты шешеімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;
• Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады: 1.Қызығушылық ояту. 2.Мағынаны ажырату. 3. Ой толғаныс.
15-билет.1.Етістіктің салттылық және сабақтылық категориясы. Етіс түрлері. Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағына нені білдірсе де және қандай тұлғада тұрса да, я сабақты, я салт мәнін білдіріп тұрады. Яғни, етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның, біріншіден, семантикалық сипаты, екіншіден, «тумысына тән» ерекшелігі екенін баса көрсеткен жөн. Мысалы негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру, туынды түбір деп танылып жүрген ойлау (ой-ла), шегелеу(шеге-ле), ескеру(ес-керу), арқалау(арқа-ла), үтіктеу(үтік-те), күрделі (тіркесті) түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру, әңгіме қылу т.б. етістіктер сабақты және әртүрлі тұлға түрлері де, оқы-ған, оқы-дым, оқып-сың, жазып-ты, жаз-ады, көр-гісі келді, ойла-ма-ған, үтікте-йді, жек көр-месе, келемеж ет-кісі келді, әңгіме қыл-ған-сыз т.б. сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні тікелей талап етеді: бұған кімді? нені? деген сұрақ қойылады да онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады.
Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте, етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады. Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де: өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс және өзгелік етіс деп беске бөліп жүр.Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістіккке –ын, -ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки – ки-ін-ді, шеш – шеш-ін-ді, сұра – сұра-н-ды. Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл, -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді т.б. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті арқылы істелетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Алтынсарин) деген сөйлемде сал деген сабақты етістіктен –ғыз қосымшасы арқылы өзгелік етіс жасалған. Өзгелік етіс қосымшалары: 1) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) –дыр, -дір, -тыр, -тір (кей жағдайда қосымшаның алдыңғы д, т дыбыстары түсіп қалып, -ыр, -ір, -р тұлғаларында да кездеседі: түс-тір-у – түс-ір-у, өс-тір-у - өс-ір-у. 3) өзгелік етіс қосымшасы бір түбірге бірінің үстіне бірі жалғана да береді: айту – айтқызу-айтқыздыру-айтқыздырту. Бұл тек өзгелік етіс қосымшаларының ерекшелігі болып табылады. Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с қосымшасы арқылы жасалады. біріншіден ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін, екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, ол бізге үй сал-ыс-ты.


2. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері мен әңгімелерінің тақырыбы, идеясы, көркемдік шешімі.
Ыбырай Алтынсарин 20 қазанда 1841 жылы Қостанай облысы, Затоболь ауданында туған. Ҽкесі Алтынсарыдан тҿрт жасында қалған ол атасы Балғожа Жаңбыршыұлының тҽрбиесінде ҿседі. Кҿзі ашық, үкімет саясатынан хабардар би Орынборда 1844 жылы ашылады деген мектепке 1846 жылы 5 жасар немересін жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августа орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан алынатын 30 баланың бірі ретінде Ыбырай мектепке барады Орыс тілін меңгертуге мұнда кҿбірек кҿңіл бҿлінгендіктен, 1857 жылы Ыбырай мектепті жақсы тҽмҽмдап шығады. Ҿз елінде писарь болып біраз істеп, 1859 жылдан бастап Орынборда тілмаштық қызмет атқарады. Шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен достасып, оның бай кітапханасын қалауынша пайдаланады. 1860 жылдары ол Торғайға мектеп ашу ниетімен келеді. Аңсаған мектебін кҿп қиыншылықтармен 1864 жылы ашады. Іскерлігімен, жігерлігімен жұрт назарына ілінген оны 1879 жылы Торғай облыстық мектептерінің инспекторы етеді. 1864 жылдан 1889 жылға дейінгі бар уақытын ол халық ағарту ісіне жұмсайды. 1887 жылы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернатты Ырғыздан ашады. Бұл іс ҿз жалғасын тауып, 1891-96 жылдары Қостанай, Ақтҿбе қалаларынан да қазақ қыздарына арналған училищелер ашылады.
Жеке басы туралы кішкене мҽлімет: 1866 жылы Достарқызы Айғанысқа үйленіп, Абдолла \1882\, Абдрахман\1884\, Шҽрипа \1886\ деген ұл-қыздары болады. Абдрахманы гимназияда оқып жүргенінде қайтыс болса, екінші ұлы аурулы болған себепті оқи алмайды.
Ыбырай халық ортасынан шыққан талант иелеріне оң бағыт сілтеп отырған\ Күдері, Ақмолда, Сейтахмет\, Нұржан т.б.\ Күдері ақын 1879-1880 жылғы жұтты суреттейтін «Жалпақ қоян» атты шығармасын Ыбырай кеңесімен жазған. Кҿп ақындар Ыбырайды үлгі тұтып, оның бейнесін ҿлеңдерінде сомдап отырған; мысалы, Сейтахмет ақынның «Бір нашардың ҽділ тҿреге айтқаны» туындысы.\Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселе-лері жҽне Абай поэзиясының тілі.
Ыбырайдың пікірлес, істес болған адамдары: В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, А.А.Мазохин, уездік қызметкерлер – Яковлев, Караулов т.б. Ыбырай бұл кісілермен үйлес келмейтін мҽселелерді ҿзінше шешіп отырған. Достарына елеулі, халқына қалаулы Алтынсарин қайтыс болған соң Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандар» деген атпен Қазан қаласынан кітап шығарады.
Ыбырай секілді қазақ балаларын оқытып шығарған миссионерлердің ойлары мен кҿздеген мақсаттарынан Ыбырайдың ойлаған, жүзеге асырған мақсаттары мүлде басқа болды. Ҿз кезіндегі жағдайларды ескере отырып, Ыбырай алдына екі айқын мақсат қойған; біріншісі – мектеп ашу, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың сана-сезімін жаңалыққа бейімдеу жолындағы тҽрбие ісі. 1871 ж. 31 августе Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал-мектеп. Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан ҽлі пайдалы бола алмай отыр, ҽйтсе де олардың үміт күтері - мектеп, тек қана мектеп жҽне қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»,- деді. Балғожа бидің Ыбырайға жаэған хатындағы ҿлең жолдары да мектептің қазақ үшін қаншалықты қажеттігін кҿрсетеді. Ыбырай ҿзінің кҿптеген ҿлең-ҽңгімелерінде жастарды оқуға, ҿнер-білім игеруге шақырды. «Кел,балалар, оқылық» ҿлеңінен басталатын бұл сарын ҿмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін дҽлелдейтін бар шығармасының арқауына айналған. «Ҿнер-білім бар жұрттар» ҿлеңінде ҿнер тек тамақ асыраудың құралы емес, халықты ілгері жылжытатын күш, күн
кҿзіндей қуат екендігі айтылады. Балаға жастай дұрыс тҽрбие беру керектігіне қазақтардан алғаш арнайы түрде кҿңіл бҿлген де Ыбырай Алтынсарин болатын. Ол К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. ағартушылармен пікірлес болды. 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясында» мынадай мақсаттар басым түскен; орыс алфавиті арқылы қазақша түсінікті түрде білім тарату, балалардың жастарына лайықтап, материалдарды іріктеп беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет