1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


 Дәрілік формалар технологиясында колданылатын елшеу куралдары



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
4. Дәрілік формалар технологиясында колданылатын елшеу куралдары. 
Таразылардын метрологиялык сипаттамалары. Дозалау далдігіне эсер ететін 
факторлар. Дарілік турлер
технологиясында колданылатын олшеу аспаптары.
Дәріхана тәжірибесінде 
дозалаудың үш тәсілі 
қолданылады: салмақ (масса) бойынша, 
көлем бойынша және тамшымен дозалау. 
Салмақ бойынша дозалау
. Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты 
заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – салмақ бойынша дозалау. Салмақ 
бойынша дозалау 2-ші класс техникалық таразылар тобына жататын және эталонды 
массалармен (өлшегіш тастармен) салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты 
таразыларда жүргізіледі. Бұл - 
дәріханалық қол таразылары, тарирлі техникалық 
таразылар.
Дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін,конструкциясына байланыссыз, таразылар 
4 негізгі 
метрологиялық 
қасиеттерге ие болуы тиіс: тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, 
көрсеткіштердің бір қалыптылығы. 
Тұрақтылық
– тепе-теңдік қалыптан шығарылған, бірақ, бастапқы қалпына 4-6 
тербелістен соң қайта келетін таразы қабілеті. 
Сезімталдық
– тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы минимальды 
айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті. 
Дәлдік
– өлшенетін дене массасы және стандартты өлшегіш тас массасы арасындағы 
дұрыс қатынасты көрсететін таразы қабілеті. 
Көрсеткіштердің бір қалыптылығы
– бірдей жағдайларда таразыда жүргізілетін, дене 
массасын бірнеше рет анықтау кезінде бірдей нәтижелер көрсететін таразы қабілеті. 
Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау.
Дәріхана тәжірибесінде масса 
бойынша дозалаумен бірге көлем және тамшы бойынша дозалау кеңінен қолданылады. 
Масса бойынша дозалау дәлірек, себебі, көлем және тамшы бойынша дозалау тәсіліне 
бірқатар факторлар әсерін тигізеді: температура, сұйықтықтың табиғаты, өлшегіш 
прибордың радиусы, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлем бойынша дозалау тәсілінің бір 
артықшылығы бар, ол – уақытты үнемдеу мүмкіндігі. 
Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық 
бюреткалар, 
пипеткалар және тамызғыштар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет