1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Химиялық құралдардың тұрақтандырғыштары



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

Химиялық құралдардың тұрақтандырғыштары 
дәрілік препараттарды дайындау 
және ұзақ уақыт сақтау процесінде пайдаланылады. Тұрақтандырғыштардың бұл түрі 
стерильдеудің әртүрлі тәсілдеріне, әсіресе, термиялық стерильдеуге ұшырайтын дәрілік 
түрлер үшін маңызды. 
Микробқа қарсы тұрақтандырғыштар 
(консерванттар) – дәрілік препараттарды 
микробтардың әсерінен қорғау үшін қолданылады. Консерванттар дәрілік препаратты 
бірнеше рет қолданғанда, сырттан түсетін микроорганизмдердің өсуінің ингибиторлары 
болып табылады.
Ерігіштікті арттыратын заттар (солюбилизаторлар). 
Қиын еритін немесе іс жүзінде 
ерімейтін дәрілік заттардың ерігіштігін жоғарылату мақсатында гидрофильді-липофильді 
баланс (ГЛБ) мәні жоғары беттік-активті заттар (БАЗ) қолданылады, мысалы, твин-80, өт 


қышқылдары. Бұл заттарды солюбилизаторлар деп атайды. 
Солюбилизация
– 
термодинамикалық тұрақты жүйе түзе отырып, беттік активті заттардың сұйылтылған сулы 
ерітінділеріне суда ерімейтін заттардың өздігінше өту процесі. ГЛБ мәні жоғарылаған 
сайын ББЗ гидрофильдік қасиеттері жақсарады, яғни, олардың судағы ерігіштігі артады. 
Әсерді ұзартушы заттар (пролонгаторлар)
. Дәрілік құралдардың адам ағзасында болу 
уақытын ұзартатын қосымша заттарды пролонгаторлар деп атайды. 
Әсері ұзартылған 
дәрілік құралдар 
– бұл әсер ұзақтығының жоғарылауын қамтамасыз ететін арнайы дәрілік 
түрдегі дәрілік құралдар. 
Корригирлеуші заттар (корригенттер). 
Корригенттерге әртүрлі заттардың дәмін, түсін, 
иісін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша заттардың тобы жатады. Қазіргі кезде табиғи 
және синтетикалық корригенттер ерітінділер, шырындар, экстракттар, эссенциялар түрінде 
пайдалануға ұсынылған. Шырындар ішінде, әсіресе, қант, шие, таңқурай, мия, ал тәтті 
заттар ретінде - сахароза, лактоза, фруктоза, сорбит, сахарин кеңінен қолданылады. 
Корригирлеуші әсер, сонымен бірге, жалбыз, анис, апельсин эфир майларына да тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет