4) дәрілік препараттарды дайындау және сақтау процесінде дәрілік құралдармен,
орамдаушы және тығындаушы құралдармен, сонымен бірге, технологиялық қондырғы
материалдарымен химиялық немесе физикахимиялық әрекеттесуінің болмауы. Әртүрлі
әрекеттесулер салдарынан дәрілік препараттың әсерінің төмендеуі, жеке жағдайларда улы
қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін;
5) қосымша заттар дәрілік препараттардың микробтық ластануының негізгі көзі болып
табылатындықтан, дайындалатын препараттың микробиологиялық тазалығының
дәрежесіне байланысты, жіберілуі шектеулі микробтық контаминация талаптарына сәйкес
болуы және стерильдеу мүмкіндігі болуы қажет;
6) экономикалық тиімді және отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек.Тамақ
өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа да салаларында қолданылатын
құралдар тізімін қысқарту қажет.
Қосымша заттар
табиғаты бойынша
табиғи, синтетикалық ;жартылайсинтетикалық
болып бөлінеді.
Табиғи қосымша заттар
өсімдік және жануар шикізаттарын, микробтектес шикізаттарды
және минералдарды өңдеу арқылы алынады. Артықшылығы - биологиялық қауіпсіздігі,
кемшілігі - микробтық ластану мүмкіндігі жоғары.
Крахмал Альгинаттар Пектин Коллаген Желатин Бентонит Аэросил
Достарыңызбен бөлісу: