Дисперстік ортасы қатты жүйелер . Дисперстік фаза еріген, қоспа
түрінде немесе эмульсияланған болуы мүмкін.
5.
Дисперстік ортасы газ тәріздес жүйелер . Бұл топқа газды қоспалар – ерітінділер
аналогтары, аэрозольдер – коллоидты ерітінділер аналогтары, тұмандар – эмульсиялар
аналогтары және шаңдар - қоспа аналогтары (ингаляциялар, темекілер) жатады.
ІІ.
Байланысты-дисперсті жүйеле р. Бұл жүйелер қатты денелердің майда
бөлшектерінен тұрады. Бөлшектері бір-бірімен жанасқан және дисперстік ортада өзіндік
кеңістіктік торлар және қаңқа құра молекулалық күштер есебінен жанасу нүктесінде
біріктірілген. Фаза бөлшектерінің ығысу мүмкіндігі жоқ, тек тербелмелі қозғалыстар ғана
жасай алады. Байланысты -дисперсті жүйелердің дисперстік ортасы болуы да, болмауы да
мүмкін.
Дисперстік ортасы жоқ жүйелер. Бұл ұнтақтарды жанастыру немесе желімдеу арқылы
алынған қатты саңылаулы денелер (түйіршіктер, престелген
таблеткалар).
Сіңірілген байланысты-дисперсті жүйелер . Қазіргі кезде бұл топ дәрілік түрлер болып
есептелмейді.
3 Дәрілік заттар ендірісінде пайдаланылатын косалкы заттар. Жіктелуі. Талаптар. Қазіргі кезде барлық белгілі дәрілік түрлерді қосымша заттарды қосу арқылы дайындайды,
яғни, дәрілік түр - дәрілік және қосымша заттардан
тұратын жүйе.
Қосымша заттар – дәрілік препаратты дайындау үшін қолданылатын көмекші заттар.
Қосымша заттар МФ, ФМ, УФМ немесе арнайы нормативтік құжаттармен медициналық
қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.
Қосымша заттар дәрілік түрлерден дәрілік құралдардың резорбциялануына әсер етеді, оны
күшейтеді немесе баяулатады, демек қосымша заттарды қолдану арқылы дәрілік
құралдардың фармакодинамикасын реттеуге болады.
Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік тиімділігіне ғана емес, сонымен
бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің физика-химиялық сипаттамасына
да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ
мерзімде сақталу кезіндегіжоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.
Қосымша заттар барлық дәрілік түрлердің міндетті түрдегі ингредиенттері болып табылады
және қолданған кезде ағзаның мүшелерімен, ұлпаларымен контактіге түседі, сондықтан,
оларға белгілі бір