Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар
дәріліктүрлер технологиясында кеңінен қолданылады. Олар жоғары әсерлі, улылығы
төмен және оларды алу кезінде табиғи заттар қасиеттерін жетілдірумүмкіндігі бар.
Еритін Метилцеллюлоза Натрий-карбоксиметилцеллюлоза Поливинол
Поливинилпирролидон Полиакриламид Полиэтиленоксидтер Спендер Твиндер
Силикондар
Қосымша заттарды дәрілік түрлердің физика-химиялық сипаттамасына және
фармакокинетикасына тигізетін әсеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
форматүзушілер, тұрақтандырушылар (стабилизаторлар), әсерін ұзартушылар (пролонгаторлар), ерігіштігін жақсартатын (солюбилизаторлар), дәрінің дәмі мен иісін жақсартатын (корригенттер). Форматүзуші заттар. Қосымша заттардың бұл тобы сұйық дәрілік түрлер технологиясында
дисперстік орта, қатты дәрілік түрлер үшін толықтырғыштар, жағар майлар және
суппозиторийлер үшін негіздер ретінде қолданылады. Форматүзуші құралдар дәрілік түрге
белгілі бір салмақ немесе көлем, геометриялық форма беріп, дәрілік түрлерге қойылатын
басқа да физикалық талаптарды қамтамасыз етеді.
Тұрақтандырғыш заттар (стабилизаторлар). Тұрақтылық – дәрілік құралдардың белгілі
бір уақыт аралығында өзінің физика-химиялық және микробтарға қарсы қасиеттерін сақтау
қасиеті.
Физика-химиялық (дисперстік) жүйелерге арналған тұрақтандырғыштар. Негізінде, гетерогенді (біркелкі емес) жүйелер (суспензиялар, эмульсиялар) үшін маңызды.
Себебі, гетерогенді жүйелер медициналық іс-тәжірибеде өздерінің келесі бағалы
фармакокинетикалық, терапевтік қасиеттеріне байланысты жиі қолданылады: қиын еритін
немесе іс жүзінде ерімейтін дәрілік заттардан дәрілік препараттарды дайындау және
пайдалану мүмкіндігі; дәрілік құралдар әсерінің ұзақтығы; әртүрлі енгізу тәсілдерінің жүзеге
асырылуы, соның ішінде, шаншуға арналған; тітіркендіргіш қасиеттерін және жағымсыз
дәмін жасыру мүмкіндігі.