2
.
Дәрілік түрлердін агрегаттык күйі, енгізу жолдары бойынша жэне дисперсиялык
жуйе бойынша жіктелуі. Дәрілік калыптарга койылатын жалпы талаптар.
Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін академик ғалым Ю.К.Трапп
ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді:
қатты,
сұйық, жұмсақ және газ тәріздес.
Қатты дәрілік түрлерге
– жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлялар,
суппозиторийлер, шариктер, таяқшалар, түйіршіктер, микротүйіршіктер;
жұмсақ дәрілік
түрлерге
– жағар майлар, пластырлер;
сұйық дәрілік түрлерге
– микстуралар,
тамшылар, басуға (дәрілі дымқыл дәке), шаюға арналған ерітінділер; газ тәріздес дәрілік
түрлерге – газдар, булар, аэрозольдер жатады.
Барлық дәрілік түрлерді
енгізу жолына байланысты
үлкен екі топқа бөледі:
энтеральді
(ас қорыту трактысы арқылы) және
парентеральді
(ас қорыту трактысынан өтпей).
Дәрілік түрлердің
энтеральді
түріне келесі жолдар жатады: ауыз қуысы арқылы, тіл
астына, тік ішек арқылы. Ең кең тараған тәсілдің бірі – пероральді (лат. per – арқылы, os,
orіs – ауыз), ауыз қуысы арқылы (per os). Бұл ең қарапайым және қолайлы енгізу жолы.
Ауыз қуысы арқылы қабылданған дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу
сіңіріледі. Ол ішектің кілегей қабықшасының функционалдық жағдайына, ортаның рН
мәніне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: