1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

Пероральді жолдың модификациясы 
– жергілікті және жалпы әсер көрсету мақсатында 
қолданылатын енгізудің сублингвальді (тіл астына) түрі болып табылады. Дәрілік құралдар 
ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазан- ішек трактысы және бауыр 
барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі. 
Ректальді
(лат. rectus – тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік ішекке енгізу 
арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енгізудің ректальді жолын балалар тәжірибесінде, ес-
түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану қолайлы. 
Парентеральді
(лат. par entheron – жанынан, соқпай) енгізу тәсілі әркелкілігімен 
ерекшеленеді. Бұл теріге жағу, шаншуға арналған және ингаляциялық енгізу жолдары. 
Дәрілік құралдарды кілегей қабыққа жағу кеңінен қолданылады: көзге, мұрынға, құлаққа 
арналған және уретральды, вагинальды дәрілік түрлер. Кілегей қабаттарында көптеген 
капиллярлар, қан тамырлары болғандықтан, олардың сіңіру қабілеті жоғары. Кілегей 
қабаттарында май қатпарлары жоқ, сондықтан, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін жақсы 
сіңіреді. 
Парентеральды дәрілік түрлер ішінде ерекше орынды 
ингаляциялық
(лат. іnhalare – дем 
тарту, дем жұту) дәрілік түрлер алады. Олардың көмегімен дәрілік құралдарды тыныс алу 
жолдары арқылы енгізуге болады: газдар (оттегі, азот шала тотығы, аммиак), жеңіл ұшқыш 
сұйықтықтар (эфир, хлороформ). Аз ұшатын сұйықтықтарды ингаляторлар көмегімен 
енгізуге болады.
Парентеральды дәрілік түрлер қатарына ағзаға шприц көмегімен енгізілетін 
шаншуға 
арналған дәрілік түрлер
де жатады. Дәрілік құралдар тез қанға өтіп, 1- 2 минуттан соң 
әсер көрсетеді. Шаншуға арналған дәрілік түрлер тез көмек көрсету үшін және ес-түссіз 
жағдайдағы ауруларға енгізу үшін, асқазан-ішек трактысында бұзылатын дәрілік 
құралдарды енгізу үшін қолайлы болып табылады. 
Дәрілік түрлердің жіктелуін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет