Бақылау сұрақтары:
Гемостаз дегеніміз не?
Қанның ұюна не әсер етеді?
Гемолиз және оның түрлері
Қан топтарына анықтама берініз.
Гемостазға анықтама берініз
№4 Дәріс
Жүрек қан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек бұлшықеттерінің физтологиялық қасиеттері.
Жоспары:
1.Эволюция процесіндегі жүрек – тамыр жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері.
2.Артериялар.
3 Веналар.
4.Капиллярлар.
Лекция мақсаты: Білімгерлерге жүрек – тамыр жүйесі дамуының негізгі кезеңдері мен артерия, вена, капилляр қан тамырлары жайлы толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны:
1. Жануарлар әлемінде қан айналым жүйесінің екі түрі кездеседі: тұйықталған және тұйықталмаған (ашық) жүйелер. Тұйықталған жүйеде қан тұйық кеңістікте (қуыста) айналып отырады, одан шықпайды, жүректен ұлпалар мен мүшелерге арнаулы арналармен (тамырлармен) жеткізіледі де, сол қуыстан шықпай жүрекке қайта оралады. Мұндай да қан айналым – буылтық құрттарға, бас аяқты молюскаларға (былқылдақ денелілерге), тікенек терілер мен хордалы жануарларға тән. Бұл жүйе қан айналым қуыстарында айтарлықтай үлкен қысымның қалыптасуын, жүрекке шапшаң оралуын қамтамасыз ететін механизмнің болуымен ерекшеленеді. Тұйықталмаған қан айналымдық жүйеде жүректен басталатын қан тамырлары денеде ашылып (үзіліп) қан ұлпалар мен мүшелерді шаймамағаннан соң ғана тамырлар арқылы кері – жүрекке оралады. Мұндай қан айналым жүйесі буын аяқтыларда, былқылдақ денелілерде және қабықшалыларда дамыған. Тұйықталмаған жүйеде қысым төмен болады, мүшелерге қан бірдей деңгейде таралмайды және жүрекке баяу оралады.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Оларда қан ірі веналардан жүрекшелерге құйылып, оның ырғақты жиыруларының әсерімен қарыншаға өтеді де, қарынша жиырылғанда артерия буылтығына құйылады. Одан әрі желбезек артериялары арқылы желбезекке барып оттегімен қаныққан соң, қанқа арқылы бүкіл денеге тарайды да, мүшелер мен ұлпалар капиллярларынан қан қайтадан вена тамырларына жиналып, жүрекшеге оралады.
Қос мекенділер жердегі екі жүрекше және бір қарыншадан тұрады. Оң жүрекшеге қуыс веналар арқылы бүкіл денеден жиналған қан оралып, ол одан әрі қарыншаға айдалады. Қарыншада жиырылған қан қанқа тамырға қуылады да, оның шамалы мөлшері өкпе артериясы арқылы өкпеге барып, қалған бөлігі артериялармен бүкіл денеге тарайды. Өкпеде оттегімен қаныққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан қарыншаға өтіп, оң жүрекшеден келген вена қанымен араласады. Демек, өкпе тамырлары бұл жәндіктерде жалпы қан айналым жүйесінің бір тармағы ғана. Бақаларда қолқа буылтығы арқылы бұл тамыр екі тармаққа бөлінеді де, оң жүрекшеден келген қанның көп мөлшері өкпе артериясына бағытталады.
Сүтқоректілер мен құстар жүрегі өзара тек қан тамырлары арқылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Әр бөлік жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Жүрек қанның тұйықталған үлкен және кіші қан айналым шеңберлерімен жылжуын қамтамасыз етеді.
2Артерия тамырларындағы қан ағыны.
Қан қолқа мен өкпе артериясына тек қана қарыншалар жиырылған кезде ғана құрылады, диастола кезінде тамырларға қанның келуі тоқтайды. Осыған қарамай тамырларда қан ағысы толастамай біркелкі жүреді.
Оның себебі артериялардың құрылымдық ерекшеліктерінде. Артериялар мен артериалалар қабырғасы үш қабаттан тұрады. Артерия арқасының ішкі жағын бір қабатты эпителий – эндотелий құрайды да, оны тегіс жұқа қабық жауып тұрады. Ортаңғы қабат бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұрады да, ал тамыр арнасының кеңейіп- тарылып тұруына мүмкіндік береді. Сыртқы қабат фиброзды қабықтан тұрады. Артерия қабырғасында серпінді талшықтар көп болады. Осының нәтижесінде систола кезінде тамырлар қабырғасы керіліп, жүректен қуылған қанды қабылдап алады да, диастола кезінде серпінділігінің арқасында ол тартылып, қанды тамыр бойымен жылжытып отырады. Тек жүрекке жақын орналасқан тамырларда ол үзілмей, бірсыдырғы сипатта ағады. Артериялар жүйесінде қан қысымы толқымалы болады. Систола кезінде ол сынып бағанасы 120 мм-ге дейін көтеріліп, диастола кезінде 70-80 мм-ге дейін төмендейді. Қанның ағу жылдамдығы секундына 150-200 мм. Артерия жүйесі айналымдағы қанның 10-15% сидырып алады. Олардың негізгі қызметі ұлпалар мен мүшелерге қанды шапшаң жеткізіп, қанның капиллярлардан ағып өтуіне қалыпты деңгейде қысым мөлшерін қалыптастыру.
3.Веналардағы қан ағыны.
Микроайналымдық арнадан өткен қан вена жүйесіне жиналады. Денеде вена жүйесі сиымдылық тамырлады құрайды, онда айналымдағы қанның 65-70% жиналады. Вена қабырғасы жұқа, керілгіш келеді, себебі оның ет қабаты әлсіз болады. Құрылым ерекшеліктеріне байланысты вена қабырғасының серпімділігі төмен. Веналармен қанның жүрек бағытында жылжуын бірнеше факторлар қамтамасыз етеді: 1) Вена жүйесінің капиллярлық ұшында қысым с.б. 15 мм, ал оң жүрекше қуысында нөлге тең, сондықтан қан вена жүйесінен жүрекшеге сорылады; 2) Веналарда қалталы қақпақшалар болады, сондықтан қан кері лықсымай, тек жүрекке қарай жылжиды; 3) бұлшықеттер жиырылған кезде веналардағы қан көкірек қуысына қарай сығылады; 4) дем алынған кезде көкірек қуысындағы теріс қысым деңгейі артып, ірі веналардан қан жүрекке қарай жылжиды. Қан майда веналарда секундына 50-140 мм, ал қуыс веналарда 100-200 мм жылдамдықпен ағады. Веналардағы қысым с.б 10-15 мм, ірі веналарда 8-10 мм, қуыс веналарда нөлге дейін төмендейді.
4. Капиллярлық қан ағыны.
Капиллярлар немесе қан тамырлар, денедегі ең ірі майда тамырлар. Олардың диаметрі 0,005-0,007 мм, ұзындығы 0,5-1,1 мм, қабырғасы бір қабат эндотелийден тұрады. Олар торшааралық кеңістікте орналасады да, ұлпалар мен мүшелер торшаларымен тығыз жанасады. Денедегі капиллярлар саны өте көп болады. Адам денесіндегі капиллярлардың жалпы ұзындығы 100мың км, жалпы беткейінің аумағы 15мың га құрайды. Капиллярлардың көлденең қиындысының қосындысы қолқаның көлденең қиындысынан 700-800 есе көп болады, Сондықтан тамырлар жүйесінің бұл бөлімі айналымдағы қанның 5 пайызын сидырып алады. Капиллярларда қан мен ұлпалық сұйық арасындағы зат алмасу процесі жүреді. Оған капиллярлар қабырғасының жұқалығы, олардың торшалармен тығыз жанасуы, қанның ағу жылдамдығының күрт төмендеуі (0,5 мм/сек) себепші болады. Капиллярлар қабырғасында жасушалар болады, сондықтан капиллярлардың артериялық ұшында су және онда еріген майда малекулалы заттар – анорганикалық тұздар, глюкоза және оттегі – қаннан ұлпааралық сұйыққа өтеді. Капиллярдың артериялық ұшында қысым с.б. 30-35 мм, ал веналық ұшында с.б. 20-25 мм-ге дейін төмендейді.
Капиллярлар қабырғасының сыртында жиырылғыш құрылым – Русье перициттері орналасады. Осы құрылым капиллярлардың ашылып, жабылуын реттеуге қатысады деген болжам болған. Қазіргі кезде жүрек-тамыр жүйесінде «шүмек » қызметін артериялар атқарады деген болжам бар. Олар ашылса капиллярларға келетін қан мөлшері артып, іске қосылатын капиллярлар саны көбейеді, аумақтық қан айналым жақсарады.
Түрлі мүшелерде капиллярлар мөлшері пішіні, саны әр қилы болады. Зат алмасу процесі күштірек жүретін мүшелерде олардың саны көбірек. Мысалы, қанқа етімен салыстырғанда жүрек етінің көлденең қиындысының 1мм²-де капиллярлар саны 5-6 есе көп болады. Ұсақ жануарлар денесінде капиллярлар ірі жануарлармен салыстырғанда тығызырақ орналасады. Иттің қаңқа етінің 1мм² аумағында 2500 капилярлар болса, теңіз тышқанында оның саны 4000-ға жетеді. А.Крог деректеріне сәйкес жұмыс үстінде бақа етінің 1мм² аумағында орналасқан 400 капиллярдың 325-і іске қосылса, тыныштық күйде болады. Ал теңіз тышқанының 4000 капиллярының жұмыс үстінде 2500 капилляры, ал тыныштық күйде тек 30-270 капилляры қан айналым жүйесіне қосылады. Тыныштық жағдайында капиллярлар айналымға белгілі бір ретпен қосылып отырады. Ашық капиллярлар біріккен соң бірі жабылады да, іске басқа капиллярлар және венулалар жалғасы организмде «микроайналымдық» арна құрады.
Жүрек анатомиясы
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Достарыңызбен бөлісу: |