1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Дәріс № 6 Топографиялық карталар мазмұны



бет26/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Дәріс № 6 Топографиялық карталар мазмұны


6.1.Топографиялық карталар шартты белгілері
Жер бетіндегі обьектілерді бейнелейтін шартты белгілер өздерінің кейбір ерекшелік
сипаттарына қарай төмендегідей болып бөлінеді: а) түсті, ә) каріпті б) графикалық
(геометриялық).

Топографиялық карталар бірнеше түсте жасалынады, жеке түстермен жер бетінің
обьектілерінің біркелкі топтары боялады. Мысалы, (өзендер, көлдер, бұлақар, құдықгар және т.б.)
Ормандар мен жеміс бақшалары орналасқан жерлер жасыл түспен, табиғи жер бедер пішіндері –
қызыл-қоңыр түспен, ал жасанды жер бедер пішіндері (қазындылар, үйінділер, карьерлер,
қорғандар және т.б.) қара түспен бейнеленеді. Шоссе жолдарын бейнелеуге қызыл түс, ал
жақсартылған топырақ жолдарға —сары түс қолданылады.
Әріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе
ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы,
қалалар немесе қала типтес поселкелер аталуларының басәрпі ерекшеленбей жазылады
(әріптердің бәрінің көлемі бірдей болады), мұнда қалалар тура қаріппен жазылса, поселкелер
оңға қарай көлбеуленген қаріптермен жазылады.

Графикалық шартты белгілер а) масштабты (контурлық); ә) масштабтан тыс; б) сызықтық
деп үшке бөлінеді.

Контурлық шартты белгілер картаның масштабына ілінетін объектілердің контурларын көрсету
үшін қолданылады. Орманның, батпақтың, бақшаның, елді қоныстың, т.б.с.с. объектілердің жер
бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементіерімен контуры горизонт жақтарына сәйкес
бағыттатлған қалпында картадан орын алады. Объектілердің контуры картада сызықтармен
белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің
орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.


Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабына ілікпейтін көлемі ұсақ
объектілерді бейнелеу үшін қолданылады. Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің мөлшерін
көрсетпейді оның тек қана орналасқан орнын белгілейді. Бұл жағдайда объектінің орнына шартты
белгілердің түрлі нүктелері сәйкес келеді. Геодезиялық пункттердің, су диірменнің, мұнай
мұнарасының, бұлақтың, құдықгың. т.б.с.с. орнын олардың шартты белгілерінің ортасы көрсетеді. Жеке өскен ағаштардың, километр бағананың, жол көрсеткіштің, семофордың, жел диірменінің т.б. орнын шартты
белгілерінің табанының ортасы белгілейді, бір немесе бірнеше сызықпен сызылатын сызықтық
объектілердің (каналдың, жолдың т.б.) нақтылы орны сызықтың осімен белгіленеді., Масштабтан
тыс шартты белгілердің бұл ерекшеліктері карта бойынша жеке объектілердің арасындағы
қашықтықгы өлшегенде ескерілуі кажет. Шартты белгілерді контурлық және масштабтан тыс деп
бөлу қажет. Өйткені көптеген объектілер бір масштабтағы карталарда контурлық шартты
белгілермен белгіленсе, екінші масштабтағы картада масштабтан тыс шартты белгілермен
белгіленеді. Мәселен, елді қоныстар ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен түсіріліп,
көшелер, жеке кварталдар, тіпті жеке үйлерде көрсетілсе, ал ұсақ масштабтағы карталарда олар
масштабтан тыс шартты белгімен, пунсонмен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет