1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Сын-бейне мәнді жұрнақтар



бет62/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

Сын-бейне мәнді жұрнақтар
Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:
-ша, -ше: балаша, адамша, әлдекімше, қалпынша, қазақша, әлімше, бұрынғыша т.б. Мысалы, Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә.Нәрібаев). Батиханы өлерше ұрып тастапты (Ә.Тарази).
-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай, анадай, тікелей, бүгіндегідей, бұрынғысындай, ойдағыдай, кәдімгідей, мынадағыдай. Мысалы, Жүрек оты. Жүрек қызметі осылай болады (Ү.Бағаев). Мүғалімдік қызметіңді ойдағыдай атқардың (С.Омарбв).
-тіндеп: біртіндеп. Мысалы, Адамдар біртіндеп жинала бастады (С.Мұқанов).
-лықты: оншалықты, соншалықты. Мысалы, Соншалықты ренжігенің дұрыс емес (С.Мұқанов).
-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп. Мысалы, Бірлеп, екілеп келіп жатыр (М.Әуезов).
-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп, борандатып, жауындатып. Мысалы, -Борандатып, түнделетіп келемін - деді ол, қабағы түйіліп (С.Мәуленов).
-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата, түнделете, үймелете. Мысалы, Жаяулата соққан жел бойын жазып ызыңдайды (С. Мыңжасарова).
-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін. Мысалы, Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын жақындасып жүргендері байқалды (С.Сейфуллин).
Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін жасайды:
1) барыс септік: зорға, босқа, бірге, текке, бекерге, жатқа, әзерге. Мысалы, Осында зорға келдім (газеттен).
2) жатыс септік: қапыда (қапыда қалдым).
3)шығыс септік: етпетінен, шалқасынан, бірден, келтесінен. Мысалы, Ғабдолла етпетінен жатып, калың кітапты қақ жарып ашып, әндете оқыды (М.Дүйсенов).
4) көмектес септік: жайымен, женімен, шынымен, ретімен, қалпымен. Мысалы, Екеуі терезені жайымен аша бастады (М.Дүйсенов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет