1 Дәріс Тақырыбы


Қойда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Мұрын тесігінің пішіні S – әріпіне ұқсас болып келеді. Жылқыда



бет138/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қойда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Мұрын тесігінің пішіні S – әріпіне ұқсас болып келеді.
Жылқыда қаңсар болмайды. Мұрын тесіктерінің пішіні жарты ай тәрізді келеді. Танау тесіктерін медиальды және латеральды мұрын шеміршектері құрайды. Мұрынның медиальды қанатын қанатша шеміршектің табақшасы құрайды. Демді ішке тартқанда мұрынның көлденең бұлшық еттері көтеріліп танау тесіктері ұлкейеді. Осы аймақ қабырғасы жұмсақ болады. Танудың бүйір беткейінде 5-7 см созылған мұрын қалташасы (дивертикул) болады. Дивертикул жылқы малының танауының шапқан кезінде үлкеюіне зор мүмкіндік туғызады.
Шошқада мұрынның ұшында жалпақ тұмсық сүйегі - os rostri орналасады. Оның формасы диск тәріздес және қозғалмалы келеді, кіреберіс тесіктері (танау) пішіні жағынан дөңгелекке жақын келеді. Тұмсықтың сыртқы бетінде жалпақ ылғалы тұмсық қаңсары болады.
Ит мұрынының негізін құрайтын шеміршек жақсы жетілген. Ол тұмсық сүйектің жоғарғы жағынан алға қарай сәл шығып тұрады. Осының нәтижесінде мұрын ұшы қозғалмалы келеді. Мұрын тесіктерінің айналасын-да пигменттелген қаңсар болады. Оның орта тұсында қаңсар сайы жатады, танау тесіктері дөңгелек пішіндес болады.
Мұрын қуысы - cavum nasi - бас сүйегінің бет бөлігінде орналасады. Мұрын қуысы ауа өткізуімен қатар оны жылытады, дымқылдандырады, құрамындағы шаң – тозанды тазартады және иіс сезу қабылетін атқарады. Мұрынның сүйекті негізін бастың - жоғарғы жақ, мұрын, тұмсық, маңдай, торлы, таңдай, кеңсірік сүйектерімен қатарлас мұрын шеміршектері да құрады. Мұрын қуысы сүйікті аумағында кілегей қабықпен қапталған.
Мұрын қуысы, мұрын пердесі - septum nasi - арқылы қуысқа бөлінеді. Кіреберіс тесіктерді - танау, шығаберіс тесіктерді хоаналар деп атайды.
Мұрын қуысының ішкі беткейі алдыңғы жағында терімен қапталған. Бұл аумақты мұрын кіреберісі - vestibulum nasi - деп атайды. Ал, мұрын қуысының қалған бөлігін, негізгі мұрын қуысы - cavum nasi proprium - дейді. Соңғы бөліктің кілегей беткейі көпқатарлы кірпікті эпителиймен астарланған. Негізгі мұрын қуысының қабырғасында дорсальды және вентральды қауашақтар (кеуілжір) орналасады, олар артқы беткейінде тор сүйегінің шытырмағымен жалғасады. Қауашақтар мұрын қуысын төрт ауажолдарына бөледі: дорсальды, ортаңғы, вентральды және жалпы. Дорсальды ауа жолы - meatus nasi dorsalis - иіс сезу жолы; ортаңғы ауа жолы - meatus nasi medius - ауа өткізу және иіс сезу; вентральды жол - meatus nasi ventralis - ең кең ауа жолы ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға барады. Жалпы ауа жолы - meatus nasi communis - ауа өткізеді және иіс сезіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет