1 Дәріс Тақырыбы


Шошқа жұмыртқалығының сыртқы беті бұдырлы келеді. Ит



бет148/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Шошқа жұмыртқалығының сыртқы беті бұдырлы келеді.
Ит жұмыртқалығы кішкентай, толығы мен жұмыртқалық қапшылығының ішінде жатады.
Жатыр түтігі немесе жұмыртқа жолы - tuba uterine, s.salpinx oviductus - жұмыртқалықпен жатырдың аралығында орналасқан, жіңішке иректелген түтікті жұп мүше. Оның негізгі қасиеті жетілген жұмыртқаларды (жыныс жасушалары) өткізу және жоғарғы үштен бір бөлігінің қуысында ұрықтану процесті жүргізу. Жұмыртқа түтігінің екі ұшы болады - жұмыртқалық және жатыр. Жатыр түтігінің жұмыртқалық ұшындағы шұнқыр тәрізді кеңейіп басталған шетін, жатыр түтігінің шөлмегі - infundibulum tubae uterinae - деп атайды, шашақталған жиегін түтік салпыншағы - fimbria tubae - дейді.
Жұмыртқа жолының жатыр ұшы, жатыр тесігімен - ostium uterinum tubae - жатыр мүйізіне ашылады. Жатыр түтігінің құрсақ және жатыр тесіктері болады. Құрсақ тесігі - ostium abdominal tubae uterinae - шөлмектің түбінде болады. Жатыр түтігінің қабырғасы кілегей, бұлшық ет және сір қабаттарынан тұрады. Кілегей қабаты бір қабатты кірпікті эпителиймен астарланған. Бұлшықет қабаты сақинаша және ұзынша орналасқан қабаттардан түзеледі.
Жатыр - uterus (грекше - metra) - қабырғасы қалың қуыс, ұрық дамитын мүше. Үй малдарының жатыры қосмүйізді - uterus bicornus - типке жатады. Ол екі мүйізден - cornua uteri, денеден және мойынынан тұрады. Сиыр жатырының мүйіздері жатыр денесінен басталып, пішіні қошқар мүйізіне ұқсас болып екі бүйірінен алға және төмен қарайды. Жатыр мүйізінің ұшы краниальды бағытында құрсақ тесігі арқылы басталып, куадальды жағында жатыр денесіне, жатыр тесігі арқылы ашылады.
Жатыр денесі - corpus uteri - сыртқы беткейінен қарағанда 10-15 см көлемінде болады, ішкі жағында екіге бөлетін ұзын қатпар орналасады, ұзындығы 10 см.
Жатыр мойыны - cervix uteri - сиырда ұзын 10-15 см қабырғасы қалың, каудальды шеті қынапқа енеді.
Жатырдың қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі кілегей - endometrium, ортаңғы бұлшықет - myometrium, сыртқы сір - perimetrium.
Кілегей беткейі цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Онда кілегей затын бөлетін түтікшелі жатыр бездері орналасады. Бұндай бездер мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі.
Бұлшықет қатары бірыңғай салалы ет ұлпасынан құралады. Ішкі қабатында бұлшықет, сақинаша пішінді орналасады, ал сыртқы беткейінде ұзын бойымен жатады. Сір қабаты жатырды сыртынан қаптай келеді, оның екі бүйірінде тоғысып, жатырдың жалпақ байламын - ligamentum latum uteri - түзеді.

Ол краниальды бағытта жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның бойында жұмыр байламдар өтеді, жатырды құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғасына бекітетін.


Байламдар арқылы жатырға қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді.
Қынап - vagina - тақ іші қуыс мүше, жыныстық қатынасты қамтамасыз ететін және төл шығаратын жол. Ол, жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, шекарасыз зәр - жыныс кіреберісіне жалғасады. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі бөліп тұрады.
Кілегей қабаты көпқабатты эпителиймен астарланған, ұзын қатпарларға жинақталатын. Ортаңғы қабаты, бірыңғай салалы бұлшықеттер құрады. Ішкі қабаты сақина пішінді, ал сыртқы қабаттағы бұлшықеттер ұзын бойымен орналасады. Сір қабаты қынаптың краниальды жағында кездеседі, қалған бөлігін адвентиция (болбырық дәнекер ұлпа) қаптайды.
Қынап кіріберісі немесе зәр - жыныс кіреберісі - vestibilum urogenitalis, s.vestibilum vaginale - қуыс мүше, жамбас қуысында тік ішектің астында орналасқан, қынаптың жалғасы. Қынап кіреберісі соңында сыртқы жыныс мүшесі - вульвамен - аяқталады.
Кілегей беткейі көпқабатты эпителиймен астарланған, вентральды беткейінде кіші және үлкен лимфа түйіндері - glandula vestibularis majoris et minoris - орналасады. Көлденең жолақты бұлшықеттер ұлпасы кіреберістік қысқыш сақинасын - m.constrictor vestibule - құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет