Алдыңғы аяқ сүйектері өзара байланысып, құрылысы мен қызметі түрліше буындар түзеді. Олар:
Иық буыны - (articulation humeri) жауырынның буын ойысы мен тоқпан жілік басынан құралған, құрылысы қарапайым, қызметі жағынан көп білікті буын.
Шынтақ буыны(articulation cubiti) – күрделі, аралас. Бірнеше буындардан құралған. Буын қапшығының сыртқы жағындағы екі қапталында латеральды және медиальды бүйір байламдары болады.
Тізе буыны – (articulatio carpi) кәрі жілік пен шынтақ сүйектен, тізе және алдыңғы жіліншік сүйектерден құралған, құрылысы күрделі, бір білікті буын. Буын қапшығының сыртқы фиброзды жарғағы буындағы барлық буын қуыстарына ортақ, оларды сыртынан қаптап жатады. Буын қапшығы буын қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрады. Сүйектерді бүйір жақтарынан байланыстыратын ұзын және қысқа бүйір байламдар, тізе сүйектердің проксимальды және дистальды қатарларындағы сүйектерді байланыстыратын қатараралық байламдар болады.
Бақай буындарына тұсамыс, топай және тұяқ буындары жатады.
Тұсамыс буыны – (articulatio carpi) алдыңғы жіліншік пен тұсамыс сүйектердің бастарынан құралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның бүйір байламдары және артқы бетіндегі тиекше сүйектермен байланыстыратын арнайы байламдар болады.
Топай буыны (articulatio compedalis) тұсамыс және топай сүйектері бастарынан құралған қарапайым, бір білікті буын. Пальмарлы байламдар болады.
Тұяқ буыны топай және тұяқ сүйектердің буынды бастарынан құралған қарапайым, бір-білікті буын.
Артқы аяқ сүйектерінің байланыстары.
Жамбас сүйектерін құрайтын мықын, шат және шонданай сүйектері, кейбір тілерсек сүйектері бір бірімен синостоз, екі жақтың жамбас сүйектері синхондроз (симфиз) арқылы тұтаса байланысады. Аяқ сүйектері құрылысы мен қызметі әр түрлі қозғамалы буынды байланыстар түзеді.
Құйымшақ - мықын буыны (articulatio sacro-iliaca) құйымшақ пен мықын сүйектерінің құлақша беттерінің жанаса байланысуы нәтижесінде түзілген қарапайым, тегіс жалпақ буын. Байламдары: дорсальды ұзын және қысқа құйымшақ -мықын байламдар, құйымшақ - шонданай байламдар.
Достарыңызбен бөлісу: |