1 Дәріс Тақырыбы



бет59/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Түтікше бездің қарын куысына қараған бетіндегі қарын шұңқырларына ашылатын мойны, өзіндік тақташа бойымен ұзынынан жатқан денесі жəне кілегейлі қабықтың үшінші етті тақташасымен жанасатын түбі болады.
Кардиальды бездердің қабырғасы негізінен кілегейлі жасушалардан құралған. Олардың араларында жекеленген негізгі жəне көмкерме (париетальды) жасушалар кездеседі. Кардиальды бездер сөлі кұрамында крахмалды ыдырататын амилоидты ферменттер болады. Безді қарынның негізгі бездері — қарын түбі (фундальды) бездері. Олардың секреторлы бөлімдері тарамдалмайды. Бездің мойнын бөлініп көбею арқылы камбиальды
қызмет атқаратын жəне қарын кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөлетін мойындық жасушалар, ал денесі мен тұбінің қабырғасын пепсиноген ферментін бөлетін негізгі жасушалар құрайды. Олардың араларында жекеленген кілегейлі жасушалар (мукоциттер) кездеседі.
Солғын базофилді боялған мойындық жасушалардың таяқша ядролары цитоплазманың негіздік бөлігінде, негіздік жарғаққа жақын жатады.
Апикальды бөлігінде митохондриялар мен Гольдж кешені жəне тұзілген кілегей тамшылары орналасады.
Негізгі жасушалардың цитоплазмасы базофилді боялады. Олардың сопақтау келген ядролары жасушаның орталығында жатады. Жасуша цитоплазмасында белокты ферменттің синтезін қамтамасыз ететін фанулалы эндоплазмалық тор өте жақры жетілген. Негізгі жасушалардың сыртқы жағында тұз қышқылын түзуге керекті хлоридтерді бөлетін көмкерме жасушалар жанаса орналасады. Көмкерме жасушалардың цитоплазмасы
қышқылдық бояулармен қызыл түске боялған. Олардың мөлшері басқа безді жасушаларға қарағанда үлкендеу келеді. Бұлардың дөңгелек келген ядролары цитоплазманың орталығында жатады.

Эндокринді жекеленген жасушалар түтікше бездің түбі мен денесінде кездеседі. Ішқақпалық (пилорустық) бездер қарын кілегейлі қабығының он екі елі ішекке шығар аймағында орналасады. Ішқакпалық бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері қыска жəне тарамдалып жатады. Бездің қабырғасын негізшен кілегейлі жасушалар түзеді.


Қарын түбінің түтікше бездерінің қабырғаларын құрайтын кілегейлі, негізгі жəне көмкерме жасушалар құрамында пепсиноген ферменті, тұз қышқылы жəне кілегей болатын карын сөлін бөледі. Кілегейлі кабыктың етті тақташасын бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Борпылдақ дəнекер ұлпалық кілегейліасты негізде қан, лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері орналасады.
Карынның етті кабығы: ішкі киғаш, ортаңғы сакинаша, сыртқы ұзынша кабаттардан тұрады. Карынның етті кабығын бірыңғай салалы ет ұлпасы кұрайды. Ол үш қабаттан кұралған. Оның тым жұқа сыртқы ұзынша қабаты (stratum longitudinalia) негізінен үлкен жəне кіші иіндердің бойымен өңештен карын қакпақшасына (пилоруска) дейін созылып жатады. Ортаңғы сакинаша қабаты (stratum circulare) қарынның оң жағындағы қарын түбі жəне пилорустық бөліктерінде орналаскан. Осы қабаттан қарын қақпақшасының
(пилорусының) кыскыш еті (m. sphincter) түзіледі. Ішкі киғаш кабат (stratum obliquum) негізінен қарынның сол кардиальды бөлігінде болады.
Қарынның сірлі кабығы: жұка борпылдақ дəнекер ұлпалық жəне жалаң кабат жалпақ эпителий қабаттарынан тұрады. Сірлі кабық, қарынның сыртқы екі бетімен кіші жəне үлкен иіндерде тоғысып, кіші шарбыны (omentum minus) жəне үлкен шарбыны (omentum majus) түзеді. Шарбылар — сірлі қабықтың туынды мүшелері. Кіші шарбы қарынды бауырмен байланыстырып, бауыр-қарын байламын (ligamentum hepatogastricum) түзеді. Ол сол жағынан бауыр-өңеш байламымен (ligamentum hepatooesophageum), ал оң жағынан бауыр он екі елі ішек байламымен (ligamentum hepatoduodenal) жалғасып жатады. Үлкен шарбы қарынның үлкен иінінен белге дейін созылып, шарбы қапшығын (bursa omentalis) құрайды. Шарбы қапшығының кіреберіс тесігі (foramen epiploicum) оң бүйректің медиальды жағында, каудальды қуыс вена мен қақпалық вена аралығында жатады. Шарбының екі сірлі қабатының аралығында көкбауыр
орналасады. Қарынның үлкен иінінен көкбауырға дейінгі байламды қарын-көкбауыр байламы (ligamentum gastrolienale) — деп атайды.
Бір бөлімді қарын құрсақ куысының қабырғаастылық аумақтарында, əсіресе оның сол жағына қарай ыгыса орналасады. Кейбір жануарларда ол семсерше өсінді аумағына дейін жетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет