Ерекшеліктері. Жылқы қарны бір бөлімді оңеш-ішек типтес немесе аралас қарын түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен 15 литр.
Қарынның сол жақ ұшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта котеріліп шығып тұратын тұйық қапшығы (saccus cecus) болады. Бұл қапшықтың қарыңдағы осындай орналасуы өңештің қарынға бұрыш жасай қигаштанып енуіне əсерін тигізеді. Нəтижесіңде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп, терең үңгіленіп, бұрыштық ойық (incisura angularis) жасайды. Қарын қақпақшасының қысқыш етті аумағындағы қақпақша сайдың (sulcus pyloricus) алдында, негізі етті сақинадан түзілген, қақпақшаалдылық сай (sulcus praepyloricus) болады. Бұл сайлар аралығында қақпақша кіреберісі (antrum pyloricum) орналасады. Қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетін қатпарлы жиек (margo plicatus) екіге бөледі. Тұйық қапшық жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған.Кілегейлі қабықтың бұл аумағында без болмайды. Ал оның қалған бөлігін жалаң қабат призма тəрізді эпителий қаптап жатады. Бұл безді аймақтың кілегейлі қабығында кардиальды, фундальды, пилорикалық бездер болады.
Өңештің қарынға бұрыш жасап енуі жəне қарынның сол жақ ұшындағы тұйық қапшықтың дорсальды бағытта шығып тұруы етті қабықтан қарынның кардиальды қысқыш етінің (m. sphincter cardiae) түзілуіне əсерін тигізеді.
Аталған қысқыш ет екі ілмектен тұрады. Оның бірінші ілмегі ішкі сақинаша қабаттан түзілген. Ол тұйық қапшықтың төбесінен басталып, қарын кіреберісін кіші иін жағынан айналып қысып тұрады. Ал қысқыш еттің екінші ілмегі ішкі қиғаш қабаттан түзіліп, кіреберісті қарынның үлкен иін жағынан айналып өтіп қысып тұрады. Осы екі етілмектері қарын қуысы азыққа толған сайын, өңештің кардиальды тесігін қатты қысып, азықтың
қарыннан өңешке кері өтуіне жол бермейді. Соңдықтан, жылқы малы құса алмайды. Шарбы қапшығы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын толығымен құрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында орналасады.
Шошқаныңқарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады.
Кіреберіс маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы(дивертикул) — diverticulum ventriculi — болады. Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта жатады. Кілегейлі қабықтың қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды, фундальды жəне пилорикалық аймақтарға бөлінеді. Бұлардың ішінде көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын қақпашасын (пилорусты) үлкен иін жағынан жарты ай тəрізді қорғанша жастық, кіші иін жағынан түймеше жастық түзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын құрсақ куысының сол жақ қабырғаастылық жəне семсерше аумақтарында, 11-12 қабырға тұсында орналасады. Кейде қарын азыққа толған кезде, ол оң қабырғаастылық аумаққа сəл ғана ығысуы мүмкін. Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен шарбы құрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен бөліп тұрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық тиюден сақтайды. Иттер сызды суық жерлерге бауырын төсеп жата береді.
Қарын құрсақ қуысының сол қабырғаастылық жəне семсерше өсінді аумақтарында, 9-12-інші қабырғааралық тұстарда орналасады. Оң қабырғаастылық аумақта қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы мүмкін.