орталықтан тепкіш (центрифугальды) оралымдар (gyri coli centrifugales)жасайды. Центрифугальды оралым дистальды ілмек (ansa coli distalis) түзеді
де, тік ішекке өтеді
Шош0ада тоқ ішектің пішіні конус тəрізді болады. Ол құрсақ куысының алдыңғы жағының 2/3 болігін алып жатады. Тоқ ішектің ішіне қарай бағытталған центрипетальды оралымның қабырғасында екі қатар ет таспалары мен қалташалар болады. Оралымдарының саны 3,5. Ол орталық иілім жасап, центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік ішекке айналады. Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс.
Ит тоқ ішегінің пішіні таға тəрізді болып келеді. Ол бүйеннен шыққан бойда құрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан соң көкеттің бойымен солға бұрылып, диафрагмальды бөлікті, содан кейін құрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті құрайды.
Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді. Тік ішек (прямая кишка) — intestinum rectum — жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік — ануспен аяқталады.
Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тікішек ампуласын (ampulla recti) түзеді. Тік ішекті сірлі қабық тек құйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы бөлігі сыртынан адвентициямен (борпылдақ дəнекер ұлпасымен) қапталған.
Азық қорыту аппараты бойынша бақылау сұрақтары: І.Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама беріп, олардың құрылысына тоқталыңыз.
2.Түтікше мүшелер қандай қабықтардан тұрады? Олардың қабықтарының
құрылысына көңіл бөліңіз.
З.Дене куыстары, олардың сірлі қабықтары мен туындылары.
4.Азық қорыту аппараты қандай бөлімдерден тұрады? Оларға жататын мүшелерді
еске түсіріңіз.
5.Ауыз куысының мүшелері, олардың құрылысына тоқталыңыз. Қызметі мен құрылысына байланысты тістің түрлері, олардың құрылысы.
Жануарлардың түрлеріне байланысты тіс формулалары.
7.Жұтқыншақтың құрылысы. Өңеш бөліктерінің кұрылыс ерекшеліктері.
8.Қарынның түрлері, олардың құрылысы.
9.Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс
ерекшеліктері.
10.Қабырғадан тыс жатқан ірі ас қорыту бездері, олардың құрылысы.
ІІ.Жуан ішектің бөліктері, олардың жаңуарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.
12.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз.