Алдыңғы эпителийқабатын көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий құрайды. Ол 5-6 қабат эпителиоциттерден тұрады. Жалаңаш сезімтал жүйке ұштары қасаң қабық рефлексін түзеді. Зақымдалған эпителий жасушалары жедел қалпына келеді. Эпителий ұлпасы негіздік жарғақта орналасып, көздің кілегейлі қабығы эпителийімен жалғасады.
Алдыңғы шекаралық пластинкақалындығы 6-9 мкм талшықты құрылым.
Қасаң қабықтың өзіндік затын дәнекер ұлпалық пластинкалар құрайды. Олардың аралықтарында бір қатарда, жалпақта тармақты келген фибробласт тәрізді жасушалар орналасады. Дәнекер ұлпалық пластинкаларды бір-біріне параллельді тығыз жатқан коллаген талшықтарының шоғырлары түзеді. Дәнекер ұлпалық пластинкалар мен жасушалар құрылысы ерекше мөлдір қасиет беретін пішінсіз (аморфты) затта орналасады. Оның негізін гликозаминогликандардың түрі кератинсульфаттар түзеді. Касаң қабықгың ақ қабыққа өтетін шекаралық жиегін лимба — деп атайды.
Артқы шекаралық пластинка қалындығы 5-10 мкм, диаметрі 10 нм коллаген талшықтары мен аморфты заттан құралған талшықты құрылым.
Артқы эпителий бірқабатты жалпақ эпителийден тұрады. Эпителиоциттерінің пішіні көпбұрышты болып келеді. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол көздің алдыңғы камера сұйығы және лимба қан тамырлары арқылы қоректенеді.
Ақ қабық (склера) - қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған, қалындығы 0,4-0,6 мм көздің сыртқы қабығы. Дәнекер ұлпасын бір-бірімен параллельді, бір бағытта, тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарында бір қатарда жатқан фиброциттер құрайды. Ақ және қасаң кабықтар аралығындағы лимба аймағында ақ қабықтың коллаген талшықтарының шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар аққабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Ақ кабықгың ішкі бетінің нұрлы қабықка өтетін бұрышты аймағында, көздің алдыңғы камерасы сұйығының, ақ қабықгың веналық қойнауына ағып өтуін қамтамасыз ететін қырлы байлам орналасады. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін көздің кілегейлі қабығы қаптап жатады, ал оның артқы бетіне көздің бұлшық еттері бекиді.