1 Дәріс Тақырыбы



бет110/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Есту-тепе-теңдік мүшесі немесе құлақ - organum vestibulo-cochlearis s. auris - аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш бөлімі. Есту-тепе-теңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепе-теңдік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепе-теңдік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақкүшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтық және бұрыштық әсерлерді қабылдайтын сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне жатады. Құлақ үш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту-тепе-тендік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі кұлақтың жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы және ортаңғы құлақтар көмекші құрылымдар қызметін атқарады.
Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан және дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдап, сыртқы дыбыс жолымен ортаңғы құлақ арқылы есту мүшесі ішкі құлаққа бағыттайды және дыбыстың шыққан жерлерін анықтайды. Бұлшық еттерінің жақсы жетілуіне байланысты кейбір жануарлардың құлақтары қозғалмалы (жылқы, ит. мысықт.б.) келеді. Құлақ қалқанының негізін сыртынан терімен қапталған эластинді шеміршек кұрайды. Терінің ішкі бетінде қылшықтар, май және тер бездері болады. Қылшықтар майда жәндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер бездері құлақтың бұлағын түзетін пигментті кілегейлі сөл бөліп, ауадағы шаң-тозаңнан және дабыл жарғағын кебірсініп қалудан сақтайды. Дабыл жарғағы (membrana tympani) қалыңдығы 0,1 мм, сыртқы және ортаңғы құлақтар шекарасындағы жұқа терілі перделік. Дабыл жарғағына ортаңғы құлақ жағынан балғаша сүйектің тұтқасы бекиді.
Ортаңғы құлақты (auris media) ішкі беті бірқабат призма тәрізді кірпікшелі эпителиймен астарланған сүйектік дабыл қуысы мен оның ішіндегі бір-бірімен буындар және бұлшық еттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (maileus), төс (incus), жасымықша (lenticulatus) және үзеңгіше (stapes) сүйекшелер құрайды. Есту сүйекшелері дабыл қуысы қабырғасына байламдар арқылы байланысқан. Дабыл қуысының ортаңғы құлақ пен ішкі кұлақ арасындағы қабырғасында екі: сопақ және дөңгелек тесік немесе "терезе" болады. Сопақ терезені үзеңгіше сүйекше табанының жарғақты тақташасы мен байламдары жауып тұрады. Ол дабыл қуысын ішкі құлақтағы ұлудың кіреберістік (вестибулалық) баспалдағынан бөледі. Дөңгелек терезені ортаңғы құлақтың дабыл қуысын ұлудың дабылдық баспалдағынан бөліп тұратын талшықты жарғақ жауып тұрады. Дабыл қуысы (cavum tympani) диаметрі 1-2 мм дыбыс түтігі арқылы жұтқыншақ аңқасына жалғасады. Жұтқыншақ - дабылтүтігі жұтыну кезінде ашылып-жабылып, дабыл жарғағының сыртындағы ауа қысымы мен дабыл қуысы ішіндегі ауа қысымын теңестіру арқылы дабыл жарғағын зақымданудан сақтайды.
Ауадағы дыбыстық тербелістер сыртқы есту жолы арқылы серпімді дабыл жарғағына беріліп, дыбыстық тербелістерге айналады. Өз кезегінде дыбыстық тербелістер дабыл жарғағынан есту сүйекшелердің қозғалмалы байланыстарымен сопақша терезедегі үзеңгіше табанының серпімді тақташасына беріледі. Ішкі кұлақ кіреберісіндегі перилимфа (лимфа сұйығы) сопақ терезедегі жарғақтан қабылданған дыбыстық тербелістерді сұйық толқынына айналдырып, ұлудың кіреберістік өзегіне еткізеді. Егер ауадан қабылданған тербелістер қалыпты шамадан тым күшті болса, онда дабыл қуысындағы балғаша тұтқасы мен үзеңгіше бұлшық еттері рефлекторлы жиырылып, есту сүйекшелерінің тербелістерін төмендетіп, сопақ терезеге келетін дыбыстық тербелістердің қысым күшін азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет