1 Дәріс Тақырыбы


Тамырлы қабықтың бөліктсрі



бет108/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Тамырлы қабықтың бөліктсрі:
І. Өзіндік тамырлы қабық торлы қабықты қоректендіреді. Ол сыртынан ішіне қарай төрт қабаттан құралған. Олар:
а) тамырлыүсті пластинкасы ақ қабықпен шектеседі. Оны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Құрамында меланоциттер көптеп кездеседі.
ә) тамырлы пластинка артерия және вена қан тамырларынан, олардың аралықтарындағы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Жекеленген миоциттер мен көптеген меланоциттер кездеседі.
б) тамырлы-капиллярлы пластинканы тар арналы қан тамырлары мен капиллярларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қан капиллярларының біраз бөлігі синусоидты (қойнауша) капиллярларға жатады.
в) негіздік кешен тамырлы кабық пен торлы қабықтың пигментті қабаты аралығындағы талшықты құрылым.
Кірпікті дене көз бұршағының пішінін өзгерту арқылы көру процесіне бейімделуді іс жүзіне асырып, нұрлы қабықты өзіндік тамырлы қабықпен жалғастырып тұратын тамырлы қабықтың буылтық келген қалың бөлігі. Кірпікті денені борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы бір-бірімен өзара байланысқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер шоғырлары түзеді. Олар әр түрлі бағытта орналасып жиырылуы нәтижесінде көз алмасына өтетін жарықтың мөлшері мен оның көру процесіне бейімделуін реттейді. Кірпікті дененің алдыңғы қалың бөлігі мен көз бұршағын байланыстырып, көз бұршағын іліп ұстап тұратын дөңгелекше байламды кірпікті тәж, ал кірпікті дененің артқы бөлігіндегі жұқалау ұсақ қатпарларды кірпікті сақина — деп атайды. Кірпікті дененің ішкі бетін, торлы қабықтың эпителий жасушаларынан құралған кірпікті бөлігі астарлайды. Бүл бөліктің эпителиоциттері көздің алдыңғы және артқы камераларының сұйығын бөледі. Кірпікті дененің сақинаша орналасқан миоциттер шоғырлары жиырылған кезде, көз бұршағын іліп ұстап түрған дөңгелекше байлам босаңсып, көз бұршағы қалыңдап дөңестенеді де, затты жақын жерден көруге бейімделеді. Ал затты алыстан көру үшін, керісінше, кірпікті дененің сақинаша миоциттер шоғырлары босаңсып, кірпікті тәж байламы көз бұршағын кірпікті денеге қарай тартып, көз бұршағы сопақтанып жалпақтанады.
Нұрлы қабық — ортасында пішіні өзгермелі тесігі (қарашық) бар, дөңгелек дискі тәрізді тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Ол қасаң қабық пен көз бұршағы аралығындағы көз сұйығына толған кеңістікті, көздің алдыңғы жене артқы камераларына бөледі. Аталған камералар бір-бірімен өзара нұрлы қабықтың ортасындағы тесігі - қарашық арқылы қатысады. Нұрлы қабық пен кірпікті дененің жалғасқан шекарасын кірпікті жиек — деп атайды. Нұрлы қабықты алдыңғы жағынан артқы бетіне қарай бес қабат құрайды. Олар:
а) алдыңғы эпителий (бірқабатты жалпақ эиителий);
ә) сыртқы шекаралық қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады, меланоциттер болады);
б) тамырлы қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырлары және меланоциттер болады);
в) ішкі шекаралық қабат (құрылысы сыртқы шекаралық қабатқа ұқсас);
г) артқы пигментті эпителий.
Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпалық қабатында қарашықтың тарылтқыш (сақинаша орналасқан) және кеңейткіш (радиальды, яғни сәулелі бағытта орналасқан) бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері болады.
Көз бұршағы - екі беті дөңес келген мөлдір дене. Көру процесіне бейімделу кезінде, оның пішіні өзгеріп отырады. Көз бұршағын цитоплазмасында мөлдір кристалин белогі болатын, пішіні ұзынша келген эпителиоцитгер кұрайды. Эпителиоциттер бір-бірімен ерекше мөлдір затпен желімделген. Көз бұршағының ортасындағы элителиоциттерде ядро болмайды. Олар бір-бірімен бірігіп, көз бұршағының орталық ядросын құрайды. Кез бұршағы сыртынан бірқабатты жалпақ мөлдір эпителиймен қапталған. Ол кірпікті тәж арқылы кірпікті денемен байланысқан. Көз бұршағының сындырғыш көрсеткіші - 1,42.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет