Сүйектер байланысы және олардың түрлері жоспары Сүйектер байланысының қызметі
Байланыс түрлері
Қимылды және қимылсыз байланыстардың құрылысы
Қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылымды –
синдесмология – syndesmologia, s. articulations -деп атайды. Байланысарқылы сүектер бірігіп - тірек, қорғаныштық қызметтерін атқарады. Аяқ сүектері тиісті ретте жалғасып организмнің орталықта әр түрлі қимыл әрекетін тудырады.
Барлық қаңқа сүектерінің байланысы екі топқа бөлінеді:
А. Тұтаса байланысу- немесе қимылсыз (жік) –synarthrosis
Ә. Буын арқылы байланысу- немесе қимылды (синовиальды)
- diarthrosis, s. sinovialis.
Орталық қаңқа байланысы
Орталық қаңқада сүйектер бір-бірімен түтаса (кимылсыз), саңылаусыз қосылады. Қимылсыз байланыста сүйектер аралығының ұлпасына қарай бес түрге болінеді олар: синдесмоз, синэластоз, синхондроз, синостоз және синсаркоз. Кәрі малдарда синдесмоз, синэластоз және синхондроз байланыстары өсіп синостоз түріне айналады. Мысалы, бұл жағдай ми сауытының, жамбас, жая сүйектерінде байқалады.
А. Синдесмоз - syndesmosis түрінде сүйектер өзара тығыз дәнекер фиброзды) ұлпа арқылы байланысады (жалғасады). Оған жататын түрлері :
байлам - ligamentum
жалпақ байлам- membrana
жік- sutura
2 – сурет. Синдесмоз байламдары А - Омыртқалар арасындағы байламдар Б - Омыртқа мен қабырға (сагиттальды кесінді) аралығындағы байламдар 1 – дорсальды ұзын байлам 1 – қабырға төмпешігінің байламы 2 – вентральды ұзын байлам 2 – қабырға мойынының байламы 3 – қабырға басының байламы
3. Жікжалпақ сүйектер (бас, жамбас) аралығында кездеседі.
Бас сүйектері жіктесуі бойынша: тегіс (майда), тістесіп, және қабыршақтыға бөледі.
Шеттері тегіс- sutura plana- жіктесу мысалы, қос мүрын сүйектерінің арасында болады. Бұл бйланыс жіктің әлсіз түріне жатады сондықтан кепкен сүйектерде олар бір-бірінен оңай ажырасып қалады.
Тістесіп-sutura serrata- жалғасуда сүйектер шеттері кедір-бұдыр өткір болады, жалғасқанда бір сүйектің шеті екінші сүйектің аралығына кіріп мықты жіктесіп тұрады, мысалы, маңдай және төбе сүйектері.