1 Дәріс Тақырыбы


– сурет. Саусақ байламдары (жалғамдары)



бет117/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

11 – сурет. Саусақ байламдары (жалғамдары)

1 - латеральды бүйір жалғамы (mc – phI); 1´- латеральды бүйір жалғамы (phI – phII); 1´´- латеральды бүйір жалғамы (phII – phIII); 2 - тиек (phI)


сүйегінің бүйір жалғамы; 3 - тиек (phIII) сүйегінің бүйір жалғамы
Артқы аяқ сүйектерінің байланысы
Артқы аяқ сүйектері мен белдеу сүйектерінің аралығында мықын-жая, жамбас, тобық, тілірсек, тұсамыс, топай және бақай буындары болады.
Мықын - жая буыны - art.ilio - sacralis - мықын және жая сүйектерінің құлақша буын беттерінің жанасуы ретінде түзілген. Қарапайым, жалпақ бетті қимылсыз буын. Буын, буын қапшығынан, жая мықын, жая-шонданай буындарынан құралады. Буын қапшығы дегеңіміз тығыз жая-жамбас буын беткейлерінен жалғасқан байлам.
Қысқа жая-мықын байламы - lig. sacro-iliacum dorsale breve - мықын сүйегінің жая төмпешігінен жая сүйегінің арқа өсіндісіне дейін созылған.
Ұзын жая-мықын байламы - lig. sacro-iliacum dorsale longum - мықын сүйегінің шетінен жая сүйегінің бүйіріне дейін жалғасады.
Жая-шонданай байламы - lig. sacrospinotuberale жая сүйегінің бүйірінен, шонданай сүйегінің қырына және төмпешігіне дейін созылады.


Мықын-жая буынының байламдары
1 - жотаүстінің байламы; 2 - дорсальды қысқа жая-мықын байламы;
3 - дорсальды ұзын жая-байламы; 4 - жая-шонданай байламы
Жамбас (жамбас-ортан жілік) буыны - art. coxae - қарапайым, көп білікті буын. Ол жамбас сүйегінің терең шұңқырынан, ортан жіліктің шар пішінді басының жалғасуынан құралады. Бұндай буын көп білікті қимыл жасайды- жазу, бүгу, алыстату, жақындату. Малдарда айналу қимылы нашар жетілген. Буын құралады буын қапшығынан, мықын-ортан жілік және дөңгелек байламдарынан.
Дөңгелек байлам - lig. teres - ортан жілік басының шұңқыршасынан, жамбас шұңқырының түбінде болатын шұңқыршаға дейін жалғасады
Жамбас буынының құрылысы және байламдары

1 - қосымша байлам; 2 - дөңгелек байлам; 3 - көлдеңен байлам


а - ортан жілік басы б - жамбас шұнқыры

Тобық буыны – art. genus - күрделі бір бібілікті буын. Екі буыннан құралады: а) ортан жілік -асықты жілік және ә)тобық буынынан. А.


Ортан-жілік асықты буынында - art. femorotibiaslis - сүйектердің айдаршықтарының буын беттері бір-біріне сәйкес келмегендіктен олардың аралығында латеральды және медиальды менискылар (шеміршектер) орналасқан. Аталған буында бүйірлік байламдардан басқа краниальды, каудальды, крест (киғаш) тәріздес, менискалар мен ортан жілік арасындада байламдар болады.
Қиғаш байлам - lig. cruciatum - айқасы ортан жіліктің айдаршық аралығының шұңқырынан, асықты жіліктің айдаршық аралығының төмпешігіне дейін созылады.
Ә.Тобық буыны - art. femoropatellaris - тік, латеральды, медиальды, бүйір байламдары арқылы тобықты ортан жілікке және асықты жілікке жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет