Алдыңғы аяқ буындары
Алдыңғы аяқта: иық, шынтақ, білезік (тізе), тұсамыс, топай және саусақ (бақай) буындары болады.
Иық буыны - art. humeri s. brachialis - құралады жауырынның ойық келген буын беткейінен және соған сай дөңес тоқпан жіліктің басынан. Бұл буын қарапайым көп білікті. Қимылдар: бүгу, жазу, әкелу және әкету. Буын тек буын қапшығынан түзілген.
8 – сурет. Иық буынының құрылысы
1 – иық буының саңылау қуысы; 2 – буын беткейлері; 3 – буын қапшығы;
а – сыртқы қабаты; ә – ішкі қабаты; 4 – буын қалташығы
Шынтақ буыны - art. Cubiti - тоқпан жіліктің шығырынан , кәрі жіліктің және шынтақ сүйегінің проксимальды шеттерінің түйісінен құралады. Құрылысы жағынан қарапайым, бір білікті, қимыл-бүгу, жазу. Буын түзілген: буын қапшығынан, бүйір және көлденең байламдардан.
. Шынтақ буынының жалғамдары
1 – латеральды бүйір жалғамы; 2 – медиальды бүйір жалғамы; 3 – сүйектер аралығының жалғамы
Білезік (тізе) буыны- art. carpi- құрлысы жағынан күрделі, бір білікті. Буын құралады: білек сүйектерінің дистальды шығырынан, білезік сүйектерінің және жіліншіктің (алақан) сүйектерінің проксимальды шеттерінен. Әр жалғасқан сүйектер аралығында қимыл байқалады. Буында қапшықпен қатар бірнеше ұзын және қысқа байламдар болады. Қимыл- бүгу, жазу.
Тұсамыс буыны- art. phalangis primae-қарапайым, бір білікті буын. Ол жіліншіктің дистальды буын шығырынан бірнеше (жүп тұяқтылар) немесе бір (тақ тұяқтылар) фалангінің және тиек сүйектерінің проксимальды шетінен құралган. Қимылдар- бүгу және жазу.
Топай буыны- art. phalangis secundae- тұсамыс сүйегінен және топай сүйегінің проксимальды шетінен құралған.
Тұяқ буыны- art. phalangis tertiae- қарапайым, бір білікті буын. Буынды құрайтындар: топай, тұяқ және тиек сүйектері. Буын құралады буын қапшығынан және бүйір жалғамдарынан.
Білезік буынының байламдары (жалғамдары
1 – білезік сүйектерінің аралығындағы дорсальды жалғамы; 2 – білезік және жіліншік сүйектерінің аралығындағы дорсальды жалғамы;
3 – білезіктің латеральды жалғамы; 4 – білезіктің медиальды жалғамы
Достарыңызбен бөлісу: |