1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет6/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Планда жер бедерін бейнелеу дәлдігі горизонтальда жатқан нүктенің биіктігінің орташа квадраттық қатесімен, басқаша айтқанда нүктенің горизонтальдағы биіктік бойынша орналасқан орнының орташа квадраттық қатесімен сипатталады. Бұл қатені Коппе формуласымен анықтайды.


3-сурет




(3.6)
онда а — жер беті нүктесінің биіктік бойынша орналасқан орнын анықтау дәлдігін сипаттайтын өлшем (сурет 3), онда келесі қателер кіреді: станцияның биіктігін және станция мен пикет аралығындағы өзара биіктікті анықтау, таблицалармен, номограммалармен өзара биіктікті анықтау, жер бетінің топографиялық кедір-бұдырлығының әсеріне және пикеттер арасындағы көлбеуліктің біркелкі еместігіне (рельефті жалпылау) байланысты және т.б.;
b — нүктесінің горизонталь жазықтықта, станцияның пландық орнын анықтауда жіберілген қатеге байланысты, жылжуын сипаттайтын өлшем. Ол нүктеден пикеттердің пландық орналасуын, пикеттердің арасында горизонтальдарды интерполяциялау, горизонтальдарды жүргізу және тущьпен көтеру;
v — жергілікті жердің еңкіштік бұрышы.
(3.6) формуласы үшін көптеген зерттеушілермен пландардың әртүрлі масштабтарына және жергілікті жердің әртүрлі жағдайларына а және b өлшемдері анықталған.
Мысалы, профессор Н. Г. Видуев горизонтальдың биіктік бойынша орналасу қатесін анықтауға рельефтің hc, қима биіктігін, планның масштабын 1/М және жергілікті жердің еңістігін I есепке ала отырып анықтау формуласын ұсынды:
(3.7)
Пландағы аралықтың дәлдігі
Егер планда кейбір нүктелердің орны қате болса, онда бұл нүктелердің аралықтары мен бағыттарын қандай тәсілмен анықтаса да дұрыс болмайды
План бойынша, оның дәлдігін есепке ала отырып, өлшеуіш циркуль және масштабты сызғыш арқылы, 1 и 2 нүктелердің араларының қашықтықтарын анықтау қатесі формуламен есептеледі:

mt = 0,4 мм и тГ = 0,08 мм = 0,41 мм болғанда, план бойынша нүктелердің аралығын өлшеу дәлдігі негізінен планның дәлдігімен анықталады.
Пландағы бағыттардың дәлдігі
Екі нүктенің арасындағы сызықтың азимутымен (дирекциялық бұрышымен) сипатталатын пландағы бағыттың дәлдігі осы нүктелердің орналасқан орындарының қателеріне байланысты.
Мысалы, әр нүктенің орындары және , және квадраттық қателері бар х1 және у1, x2 және у2 координатарымен анықталады.
Онда 1 нүктеден 2 нүктегеге дейінгі бағыттағы сызықтың дирекциялық бұрышы формуламен анықталады:
(3.8)
План бойынша транспортирмен, планның дәлдігін есепке ала отырып, бағытты анықтау қатесі формуламен есептеледі:

Егер тең болса, ал бұрыш транспортир арқылы тең дәлдікте өлшенетін болса, , яғни план бойынша нүктелердің арасындағы бағыттың дәлдігі негізінен планның өзінің дәлдігімен анықталады.
Пландағы контурлардың аудандарының дәлдігі
Контурдың нүктелерінің орналасу қателері оның ауданының қателігіне әкеледі. Контурдың ауданының қатесін, оның бұрылыс бұрыштарының қателері арқылы анықтау үшін әр нүкте планда, басқа нүктелермен байланыссыз, жеке анықталады және оның орны , квадраттық қателері бар xt, yt координаттарымен сипатталады.
Контурдың ауданының және оның бұрылыс бұрыштарының координаталарының арасындағы байланысты келесі белгілі формуламен беруге болады:
(3.9)
Гаусс проекциясында сызықтардың және аудандардың бұрмалануы
Егер план жазықтықта Гаусс проекциясында құрылса, онда учаскелердің сызықтарының ұзындықтары және аудандарының мәндері, планда өлшенген немесе нүктелердің координаттары арқылы анықталған, әрқашан жер бетіндегі оған сәйкестілі сызықтардың горизонталь салындыларынан және аудандарынан үлкен болып келеді.
Басқаша айтқанда, жазықтықта Гаусс проекциясында бейнеленген сызықтың масштабы әрқашан план құруға қабылданған масштабтан ірілеу болады, және сызық немесе участок неғұрлым зонаның өстік мердианнан алысырақ болса, масштабтың іріленуі соғұрлым ұлғаяды.
Жер бетінде өлшенген сызықты Гаусс проекциясы жазықтығына ауыстыру үшін оны үлкейту керек:
, (3.10)
бұнда, s — жер бетіндегі сызықтың горизонталь салындысы; у — сызықтың ортасының ординатасы (өстік меридианнан есептелген аралық); R — жер сфероидының қисықтығының орташа радиусы, оны 6370 км тең алуға болады..
- мөлшерді сызықтың салыстырмалы бұрмалануы деп атайды.
орта ендікте алты градустық зонаның шетінде ординатаның мәні шамамен 200 км (53° ендікте), оңтүстік ендікте (40°) бұл мән 250 км – ден асады.
у — 200 км болғанда сызықтың салыстырмалы бұрмалануының мөлшері тең:
.
Егер план бойынша өлшенген (немесе координаттар арқылы есептелген) сызықтың Гаусс проекциясындағы горизонталь салындысы 1000 м болса, онда ол жергілікті жерде 0,5 м қысқа болады. Неғұрлым сызық өстік меридианға жақындаған сайын оның салыстырмалы бұрмалануы, оның өстік меридианнан қашықтығының квадратына пропорционалды, кішірееді. у = 100 км болғанның өзінде салыстырмалы бұрмалану 1/8000 тең.
Сондықтан кейбір жағдайларда Гаусс проекциясында жазықтықтағы сызықтың бұрмалануы есепке алынбайды; бірақ алты градустық зонаның шетінде оны міндетті түрде есепке алу қажет, әсіресе сызықтың мәнін өте жоғары дәлдікте білу қажет болатын болса.
Сызықтың бұрмалануы учаскенің (контурдың) ауданының бұрмалануына әкеледі.
Гаусс проекциясы — теңбұрышты, сондықтан кішігірім учаске үшін (іс жүзінде бірнеше немесе ондаған мың гектар) оның Гаусс проекциясында жазықтықтағы бейнесін жергілікті жердегі горизонталь салындысымен ұқсас деп санауға болады. Онда бұл учаскенің жергілікті жердегі ауданының мәнінің Р және проекцияда, план бойынша алынған Рг мәніне қатынасы ұқсас қабырғаларының квадраттарының қатынастарына тең болады.

немесе

Оң бөлігінің алымы мен бөлімін көбейте отырып, және кіші мөлшерлерді есепке алмағанда, тең болады:
(3.11)
— ауданның салыстырмалы бұрмалануы, ол сызықтың салыстырмалы бұрмалануынан екі есе үлкен.
Егер у = 200 км болса ауданның салыстырмалы бұрмалануы 1/1000 тең, онда 1000 га ауданды, Гаусс проекциясында план бойынша алынған немесе координаттар арқылы есептеп табылған, 1 га азайту керек.
Кішігірім аудандар үшін бұрмалануға түзетпелерді енгізбей-ақ қоюға болатындығын, ал үлкен аудандар үшін оларды тек қана алты градусты зонаның шет жақтарында ғана есепке алуға болатындығын жоғарғы мысалдан көруге болады.
Егер әртүрлі тәсілдердің бірімен есептелген учаскелердің (контурлардың) аудандары СССР бекітілген графаларға бөлу трапецияларында үйлестірілген болса және трапецияның ауданы арнайы кестелермен (оларда аудандар бұрмаланбаған) анықталған болса, онда учаскелердің аудандарына түзетпелер енгізілмейді, өйткені олар аудандарды үйлестіру барысында механикалық түрде енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет