1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері


Негізгі: 1. 8-13. Бақылау сұрақтары



бет4/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Негізгі: 1. 8-13.
Бақылау сұрақтары:
1) Жер пайдаланудың шекараларын қашан қалпына келтіреді?
2) Теодолит және өлшеу құралдары арқылы жоғалған белгіні қалай қалпына келтіреді?
3) Жоғалған звеноны қалай қалпына келтіреді?

3 Дәріс. Пландар (карталар) дәлдігінің сипаттамасы


Пландар мен карталарды құру белгілі дәлдікте, жер бетінің негізгі элементтерінің түбегейлі бейнеленуін талап етеді. Өлшеу дәлдігі деп оның өлшеу шамасы нәтижесінің шынайы мәнге жақындығының дәрежесін айтады.
Пландар мен карталардың дәлдігі мен түбегейлілігі халық шаруашылығы салаларының талаптарымен анықталады.
Жергілікті жерлердегі өлшеулерді планға (картаға) түсіру үшін сызықтың ұзындығын және жер бетінің негізгі элементтерін кішірейту әдісін қолданады. Кішірейту дәрежесіне байланысты масштаб анықталады.
Масштаб – бұл пландағы (немесе картадағы) сызықтың ұзындығының L жергілікті жердегі оған сәйкес Lм сызығының горизонталь салындысына қатынасы.
М саны жергілікті жердегі сызық ұзындығының планға (немесе картаға) қатысты кішірею дәрежесін көрсетеді: 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 25000 және т.с.с.
Масштабтар ірі және ұсақ болып бөлінеді. Сандық масштабтың бөлімі қаншалықты аз болса, соншалықты масштаб ірі болады және керісінше.
Әртүрлі түсіріс жүргізу нәтижесінде алынған пландардың түбегейлілігі (детальділігі) мен толықтылығы әртүрлі болып келеді. Детальділігі деп планда рельеф пен ситуация контурларының барлық бұрылыстары мен сызықтарын бейнелеу ұқсастығының дәрежесін айтады. Детальділігі жоқ жағдайда ситуацияны немесе рельефті бейнелеу жалпылы орынедалған деп атайды. Толықтылығы деп планда көрсетілуі тиіс және берілген масштаб пен рельефтің қима биіктігінде салуға болытын жергілікті жердегі объектілермен планның толықтырылу дәрежесін айтамыз.
Жерге орналастыру, мелиорация, елді мекенді жоспарлау жобаларын құру, жер кадастрын жүргізу үшін негіз болып аэрофототүсіріс тәсілімен алынатын пландар табылады. Олар детальділігі мен толықтығы жағынан алғанда басқа әдістермен алынған пландардан пайдалырақ болып ерекшелінетін аса құнды материал болып табылады. Бұл пландардың сапалылығы аса объективті, өйткені олар аэрофототопографиялық үрдіске қатысатын мамандардың өнерлілігі мен тәжірибелілігінен тәуелсіз.
Аэрофототүсіріс пландарында горизонтальдар арқылы сызылған рельеф түбегейлілігімен ерекше, өйткені жергілікті жердің фотографиялық бейнесі жер бедерінің элементтерін тануды жеңілдетеді және планда дұрыс бейнелеу мүмкіндігін береді. Стереофотограмметриялық аспаптармен рельефті горизонтальдар арқылы бейнелеу орындаушының өндірістік тәжірибесіне, әсіресе рельефті мензуламен түсіру іс тәжірибесінің көптігіне байланысты болады.
Рельефін жерге орналастыру жобасын құруда есепке алу қажеттілігі бар жерлерде, контурлы фотопланның кемістігі онда рельефтің бейнесінің жоқтығы. Бірақ фотобейне жартылай бұл кемістікті толықтырады, өйткені жерге орналастырушы-жобалаушы дешифрлеумен және фотопланда рельефті жүргізу жұмыстарымен таныс және кейбір дәрежеде рельеф элементтерін олардың фотобейнелері бойынша жобалау барысында есепке ала алады. Жобалау барысында жергілікті жердің рельефін аэрофототүсіріс материалдары бойынша қарапайым стереоскопиялық құралдар арқылы алдын ала зерттеп алуға болады.
Таулы, тау етегі және өте жиі төбешікті жерлерде қолданылатын стереотопографиялық жерден (фототеодолиттік) түсіру планының түбегейлігі және толықтығы аэрофототүсіріске қарағанда төмендеу.
Ықшам алаңдарда таңдаулы жүргізілетін мензулалық түсіріс күрделі ситуация жағдайында құнды пландық материалдар береді. Бірақ оның аэрофототүсіріс планына қарағанда түбегейлілігі және толықтығы төмен. Беткейлердің еңістіктері өте үлкен және жиі өзгеретін жерлерде және оны жерге орналастыру жобаларын құруда есепке алу қажеттілігі бар жағдайларда пландағы рельефтің бейнесінің жоқ екендігі күрт байқалады.
Жерге орналастыру мақсатына сирек жасалатын теодолиттік және тахеометриялық түсірістер планы жергілікті жердің нақты түсірілетін нүктелерінде ғана жеткілікті дәрежеде дәл (тікбұрышты координаттар тәсілімен түсіруде перпендикулярлардың ұшы, түсірістің полярлық тәсілінде – радиус- вектордың ұшы және т.б.) және олардың орны абристерде және крокида көрсетілген өлшемдермен анықталады. Басқа нүктелердің, контурда және түсірілген нүктелердің аралықтарында орналасқан, қателіктері өте жоғары, ол түсіруде жіберілген жалпылаудың әсері. Рельефтің бейнесінің жоқтығы теодолиттік түсірістің және контурлық мензулалық түсірістің планының құндылығын төмендетеді.
Жазықтықты нивелирлеу жазық жерлердің кіші учаскелерде рельефті түбегейлі зерттеу мүмкіндігін береді, ол күріш чектарының беттерін тегістеуде, суландыру және кептіру жүйелерін жобалауда және т.б. қажет.
Қазіргі кезде жазықтықты нивелирлеу пландарын нүктелердің биіктіктерінің сандық жазулармен, стереофотограммериялық тәсілдермен алынатын, құратын болды. Бұл, ЭЕМ пайдалану арқылы рельефті автоматты түрде планировкалау мүмкіндігін береді.
Әртүрлі түсіріс түрлерінің түбегейлілігіне және толықтығына қарамастан жерге орналастыруда олардың әрқайсысы пайдалануы тиімді жағдайларда және т.б. қолданылады:
а) аэрофототүсіріс – түсіретін территорияның ауданының үлкен болған жағдайында, әсіресе жергілікті жердің ситуациясының контурлілігінің ерекше жиі болуы, және ситуация неғұрлым күрделі болса, соғұрлым аэрофототүсірісті пайдалану тиімді;
б) мензулалық түсіріс – үлкен, контурлары көп территорияда, белгілі бір себепте аэрофототүсірісті пайдалану ыңғайсыз;
в) теодолиттік түсірістер – контурларының саны көп емес, кішігірім территорияларда ұзын арақашықтықта тік болып келеді.
Жерге орналастыруда теодолиттік түсіріс планы кеңірек тараған, өйткені жер пайдаланудың шекарасын жағалай салынған теодолиттік жүрістер бір қажеттілікке жер бөлінгенде геодезиялық негізге байланысу үшін, жобаны жер бетіне шығару үшін және планды қазіргі кезгі жағдайға сәйкес ұстау үшін жақсы геодезиялық негіз болып келеді. Жобалаудың дәлдігін, әсіресе мензулалық және аэрофототүсірістердің пландарынан жобаны жер бетіне шығару дәлдігін көтеру шартының бірі жер пайдаланудың шекараларын бойлай теодолиттік жүрісті құру, оларды геодезиялық тордың пунктілерімен байланыстыру және шекаралық пункттерді планға координаттары арқылы түсіру, егер шекаралар орман массивтерімен, танап қорғау орман жолақтарымен, суару жүйелерінің каналдарымен, бұлақтармен, өзендермен, өзендер жағалауларымен өтпейтін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет