Негізгі: 1.4-8, 2 22-27, 73-88.
Бақылау сұрақтары: Топографиялық-геодезиялық ізденістер не үшін керек?
Жерге орналастыру жобасын құрудың қандай кезеңдерін білесіңдер?
Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстардың түрлері?
№2 Дәріс. Жер пайдаланудың шекарасын орнына келтіру және түсіру
Жер пайдаланудың шекарасын оның белгілерінің жергілікті жерде жоғалған жағдайда, жер пайдаланушылар арасында жер дауы туындаған кезде немесе оларды жаңа планға (картаға) түсіру мақсатында түсіріс жүргізу алдында қалпына келтіреді. Шекараны геодезиялық құралдармен қалпына келтіру үшін олар туралы геодезиялық ақпараттарды, шекара белгілерінің координаттары немесе белгілер арасындағы горизонталь бұрыштарды және аралықтарды білу керек. Қалпына келтіруді пландағы (картадағы) шекараның бейнелері арқылы да орындауға болады.
Әдетте, шекараны жер пайдалану планынан немесе координаттар ведомосынан алынған бұрыштық және сызықтық өлшемдер бойынша теодолит және өлшеуіш құралдармен қалпына келтіреді. Даладағы жұмыс үшін шекара сызбасын дайындайды, онда шекараның жоғалған белгілі С және D нүктелерінің (рис. 1) және оларға жанасатын АВ және EF сызықтарының жергілікті жерде сақталған А, В, Е және F нүктелерінің арасындағы бұрыштары мен аралықтары жазылады. ВС, CD, DE жоғалған шекарасын және С және.D нүктелерінің шекаралық белгілерін орнына келтіру үшін В нүктесінде өлшемі белгілі βбұрышын тұрғызады және алынған бағыт бойынша белгілі ВС (горизонталь салындыға сәйкес келетін) қашықтықты салады (өлшейді). Табылған С нүктесінде өлшемі белгілі бұрышты тұрғызады да CD қашықтықты салады және т.с.с. Е нүктесінде BCDE –жүрісін салудағы және Bcde – сол жүрісті қалпына келтірудегі өлшеу қателіктерінің нәтижесі ретінде еЕ үйлеспеушілігі пайда болады.
Сурет 1
Ықтималдылықты 0,95 деп алғанда үйлеспеушілікті (шеткі мәнін) келесі формуламен есептеуге болады:
(2.1)
ондағы, ms—ұзындығы s сызықты өлшеудегі (салудағы) орташа квадраттық қате;
n — жүрістің сызықтарының (тұрғызылған бұрыштарының) саны;
m — бұрыш тұрғызудың орташа квадраттық қатесі;
Үйлеспеушілікті параллель сызықтар әдісімен бөлшектеп таратады. Ол үшін е нүктесінде буссольмен үйлеспеушілік бағытын (магниттік азимутты) өлшейді, алd и с нүктелерінде буссольмен осы бұрышты тұрғызады да олардан dD и сС кесінділерін (түзетулерді)салады, ол кесінділер келесі формулалармен есептелінеді:
, (2.2)
(2.3)
Кейде жергілікті жерде жүрісті үйлестіру қажеттілігі жойылады: мысалы, снүктесінің орнын өлшеп тапқаннан кейін жерді қазып, іздегенде жоғалған межелік белгінің қалдығы жартылай шіріген бағана немесе тас, бетон сынығы және тағы басқа қалдық ретінде табылуы мүмкін. Бұл жағдайда анықталған белгінің орнына жаңа белгі орнатылады, оның төбесінен белгілі бұрышты тұрғызып, d нүктесін табу үшін аралықты өлшейді де онда да жоғалған белгінің қалдықтарын тауып, орнына жаңа белгі орнатылады.
Шекараның қалған, көршілес шекаралық белгілері сақталып қалмаған, бөлігінде, мысалы N және L нүктелерінде М және О нүктелерінің координаттары бойынша дирекциондық бұрыштарын (МО) есептеп алу керек:
, (2.4)
бұдан соң = (МО) — (MN) және = (ON) — (ОМ) және т.б. бұрыштарды есептейді, осылар арқылы жергілікті жерде М және О нүктелерінің өзара көрінетін болған жағдайларында, N, L, P нүктелеріне бағыттарды табуға болады.
G нүктесінің орнын F нүктесінен немесе L нүктесінен тұрғызылатын бұрыш бойынша табуға болады.. Жоғалған шекаралық белгілерді бар геодезиялық мәліметтер бойынша қалпына келтіру кезінде жүріс жүргізу үшін және оны жергілікті жерде үйлестіру үшін көп уақыт кетеді. Бұл шекара белгілерін С және D нүктелерінде қалпына келтіру жұмысын былай да шешуге болады.
В және Е нүктелерінің координаттары бойынша BE сызығының бағыты мен ұзындығын есептейді (сурет 2 а):
, , (2.5)
содан соң шегаралық сызықтардың және BE сызығының дирекциондық бұрыштары бойынша келесі бұрыштарды есептейді:
, , және (2.6)
Сурет 2
Әріқарай BE келесі өлшемдерді есептейді: Bc = BCcosa, cd = CDcos және dE = DEcos және и С и D нүктелеріне перпендикуляр ұзындықтар: Сс = ВС sina, Dd = Сс+CDsin, бұларды С және D нүктелерінде жоғалған шегаралық белгілердің жергіліктегі орнын іздеу үшін пайдалануға болады.
Бұл үшін алынған мәліметтерді сызбаға жазады, В нүктесінде φ бұрышын тұрғызады, ВЕ сызығын жүргізеді, Вс аралығын өлшейді, С нүктесінде Сс перпендикулярын өлшеп салады және С нүктесінде белгіні қалпына келтіреді. D нүктесіндегі белгі орнын Вd аралық өлшеуі және dD перпендикуляры бойынша табылады.
Егер BE сызығын тікелей өлшеу мүмкіндігі болмаса немесе бөгеттердің садарынан қиын болса, онда В және Е нүктелерінің арасын көмекші теодолиттік жүріс жүргізу арқылы қосымша бір (екі) нүктемен Q (сурет 2б) байланыстырған дұрыс, содан соң Q және С, Q және D нүктелерінің координаттары бойынша кері геодезиялық есепті шешу арқылы (QC), (QD) дирекциондық бұрыштарын және QC и QD горизонталь салындыларды есептеп, кейін С және D нүктелерінің жоғалған белгілерін қалпына келтіру үшін жергілікті жерде құру үшін қажетті бұрыштарды λ = (QC) — (QB) және δ = (QD) — (QB) есептейді.