1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет7/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Планның горизонтальдары бойынша биіктіктерді, өзара биіктіктерді және еңістіктерді анықтау дәлдігі
Биіктіктері Н1 және Н2, 1 және 2 нүктелердің арасындағы өзара биіктіктің h, h = Н2 Н1 орташа квадраттық қатесін формуламен есептеуге болады

болғанда, шығарамыз:
(3.12)
(3.12) формуланы, Н1 және Н2 бір-бірінен алыс орналасқан және бір-бірімен тәуелді (іргелес емес горизонтальдар арқылы есептеп шығарылған және әртүрлі пикеттерден жүргізілген) есептеп шығарылған биіктіктер болса да, қолдануға болады. Одан басқа рельефтің қимасының биіктігі кіші болғанда әр горизонтальдың орналасқан орнының қатесіне негізінен топографиялық кедір-бұдырлықтың және рельефті жалпыландырудан (түсіруде топографпен немесе стереоаспаппен рельефті сызғанда есепке алынбайтын пикеттер аралықтарындағы кішігірім ойпаттар мен төбешіктер жайында айтылған) болған қателер әсерлерін тигізеді. Нүктелер аралықтары жақын болғанда бұл қателер Н1 мен Н2 өзара байланысты деп санау мүмкіндігін береді, сондықтан бұл жағдайда:

деп санау неғұрлым дұрыс болады.
Планның горизонтальдары арқылы анықталған еңістіктің орташа квадраттық қатесін белгілі формуланың негізінде алуға болады:

Қағаздың деформациясы және оны планмен жұмыс істегенде есепке алу
План бойынша графикалық және механикалық (планиметрмен және палеткамен) тәсілдермен аудандарды анықтағанда қағаздың деформациясы есепке алынады. Деформацияның көлемі екі өзара перпендикуляр бағыттарда келесі формуламен анықталатын деформация коэффициенттерімен сипатталады:
,
онда 10 — планда көрсетілген сызықтың теориялық ұзындығы (мысалы, координаттық тордың бірнеше квадратының қабырғаларының ұзындығы); I — сол сызықтың план бойынша өлшенген нәтижесі.
Деформация коэффициенті әртүрлі болады: 1:400, 1:200, 1:100 және кейде 1:50. Оның мөлшері қағаздың сапасына, планды сақтау жағдайына, ауа райына, планды құру уақытынан өткен уақытқа және т.б.
Алюминийге немесе жоғары сапалы фанерге желімделген қағаз деформацияланбайды, ал матаға желімделген қағаз ештеңеге жапсырылмаған қағаздарға қарағанда көбірек деформацияланады.
Машинада басылған планшеттің көшірмесі басу кезінде деформацияланады, жылжу бағытында қағаз ұзарады, ал көлденең бағытта жиырылады. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаздың деформациясы азаяды, бірақ оның мәні едәуір мөлшерде қалады.
Қағаз әсіресе оны трубка ретінде орағанда және бүктегенде өте көп деформацияланады.
Егер қағаз екі өзара бағытта бірдей деформацияланатын болса, онда деформацияны есепке алу өте қиынға түспейді. Керісінше, біріңғай деформацияланбағанда, берілген сызық координаттық торға бұрышталып орналасса, оны есепке алу қиындайды.
План бойынша анықталған сызықтарға, егер деформацияны есепке алу керек болса, түзетпелер енгізу керек болады.
ЕгI – деформацияланған планда өлшенген сызықтың нәтижесі. Жер бетінде оған сәйкескелетін горизонтальсалындысын 10 анықтау қажет, яғни қағаздың деформациясына түзетпе кіргізу керек:

Алымы мен бөлімін (1 + q) көбейтіп, және кішкентай болғандықтан мөлшерін есепке алмай, шығарамыз:
(3.13)
онда lq — деформацияға байланысты енгізілген l сызығына түзетпе.
Егер сызыққа енгізілетін түзетпе масштаб дәлдігінен аз болса, онда ол план бойынша өлшенген нәтижеге енгізілмейді.
Қағаздың деформациясы есепке алынған сызықтар бойынша пішіндердің аудандары есепке алынады. Бірақ деформацияланған планнан өлшенген сызықтар нәтижелері бойынша пішіндердің ауданына түзетпелер енгізу неғұрлым ынғайлылау.
Мысалы деформация түзетілмеген планнан өлшенген нәтижелер: l - табаны және h – биіктігі алынған аудан:
. (a)
Қағаздың деформациясына түзетпе енгізілген Р0, ауданның нәтижесі:
. (б)
Әріқарай:

q есепке ала отырып, және - нәтижесі өте кішкентай болғандықтан алып тастау арқылы, аламыз:
(3.14)
Бұл формула кез келген формадағы пішін үшін жарамды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет