1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет5/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Планның дәлдігі контурлық нүктенің пландағы, түсірістің басты геодезиялық негізінің ең жақын орналасқан пунктінен өлшенген, орнының орташа квадраттық қатесімен сипатталады (кейде планның дәлдігі деп бір-бірінен белгілі бір аралықта орналасқан нүктелердің өзара орналасу квадраттық қателерін санайды, мысалы жобалаудың бір объектісінің нүктелері: жер пайдаланудың, ауыспалы егіс танабының, контурдың учаскесінің және басқа).
Нүктенің орнының қатесі екі өлшемді болады және келесі формуламен анықталады:
, (3.1)
онда тх и ту — координаттар бойынша нүктелердің орындарының қателері.
Нүктелердің орындарының қателерін «қателер эллипсімен» сипаттау әсіресе дұрыс болады, өйткені нүктенің шынайы орнынан жылжуы әртүрлі бағытта әртүрлі болады. Бірақ «қателер эллипсімен» нақты бір нүктенің, геодезиялық тордың, жүрістің және т.б. нүктесінің орналасқан орнын сипаттау ыңғайлы және сырттай жақсы көрінеді. Планның нүктесінің дәлдігін «орташа» бағалауда нүктенің жылжыуының бағыты біріңғай мүмкін болады деп алуға болады, сондықтан нүктенің орнының қателігі «қателер шеңберімен» сипатталады және дәлдікті есептеуде (3.1) формуласындағы тх и ту өлшемдерін тең және бір-бірімен байланысты емес деп алады.
Әртүрлі түсіріс түрлерінің пландарының дәлдігі әртүрлі. Бұл геодезиялық түсірістерде қолданылатын аспаптардың және технологиялық процесстердің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Бірақ әртүрлі түсірістер түрлері дәлдіктерінің айырмашылығы оларды дұрыс жүргізгенде көп емес, оларды іс жүзінде біріңғай дәлді деп санауға болады, өйткені түсіріс түрінің технологиялық үрдісін құрастырушы элементтерінің қателерін графикалық дәлдікке (планда 0,1 мм) теңестіруге болады. Мысалы нүктелерді және сызықтарды планға салу дәлдіктері, планда бұрыш салу, аэросуреттерді трансформациялау, фотопланды монтаждау қателіктері және т.б. Бұл қателер пландардың дәлдіктерін көп жақындатады.
Пландағы контурлық нүктелердің орындарының қатесін табу үшін әртүрлі геодезиялық іс әрекеттердің қателерін бір-бірінен тәуелді деп қабылдап, формула бойынша қосу:
,
бұл жағдайда теодолиттік және мензулалық түсірістердің есептелген қателіктері шамамен бірдей және планда дөңгелектенген 0,4 мм тең болады.
Көптеген зерттеулердің негізінде аэрофототүсірістердің пландарының дәлдіктері шамамен осыған тең. Фотопланның бір аэросуретінде орналасқан немесе мензулалық және теодолиттік түсірісте бір станциядан түсірілген ситуацияның ұсақ аудандық контурлары үшін, онда орналасқан екі нүктесінің өзара орналасу қатесін планда 0,2 мм тең деп санауға болады.
Пландардың көшірмелерінің дәлдігі неғұрлым көп болса, соғұрлым дұрыс болады. Көшірмені жасаудың қандай әдісі болмасын, кез келген көшірмеде түпнұсқаға қарағанда қателіктер көбірек болады, бірақ кейбір көшірмелер дәлдігі төмен, ал екіншілері – дәлдігі неғұрлым жоғары нәтижелер береді. Неғұрлым дәл тәсіл деп, көшірменің дәлдігінің түпнұсқаның дәлдігіне тең болған фотомеханикалық тәсіл аталады, әсіресе егер бұл жағдайда көшірменің және түпнұсқаның қағаздарының деформациясы есепке алынған болса.
Сәулелі стол немесе калька арқылы көшірме жасағанда көшірменің дәлдігін сақтап қалу үшін қағазда алдын ала координаттық тор құрылады және барлық нүктелер (жер пайдаланудың шекаралары, геодезиялық тордың пунктілері) оған координаттар бойынша түсіріледі. Бұл жағдайда көшірмеге шекаралары координаттар арқылы түсірілген учаскелердің аудандарының қателіктері түпнұсқадағыдай (қағаз деформациясына келетін қатені санамағанда) ғана болады. Сәулелі стол, калька арқылы көшірмеге түсірілген учаскелердің аудандарында қосымша, көшірмелеу тәсіліне тән, қателер болады.
Әртүрлі көшірмелер жасау тәсілдерінің (фотомеханикалықтан басқа) нәтижесіндегі қателер көшірмесінің көру органының жеткіліксіздігінің нәтижесі, олар келесілер:
1. Сәулелі столда немесе көшірме пультінде тущьпен бір уақытта көшірмені сызуда көшірменің дәлдігіне тек қана бір уақытта көшірмелеу және көшірмені сызу әсері тиеді.
2. Сәулелі столда немесе көшірме пультінде қарандашпен алдын ала көшірмені сызуда келесі қателер әсерін тигізеді:
а) көшірмелеу (қарандашпен),
б) тущьпен көшірмелеу.
3. Графитті қағаз арқылы көшіріп сызуда немесе көшірменің тура өзіне батырып сызуда қателер әсерін тигізеді:
а) батырып сызудың,
б) көшірмені тущьпен сызудың.
4. Воскіде алдын ала көшірмесін салып алу арқылы көшірме жасауда қателер әсерін тигізеді:
а) бір уақытта көшіру мен воскіде тущьпен сызу,
б) воскіден қағазға көшіру (сәулелі стол немесе батырып сызу ақылы),
в) көшірмені тущьпен сызу.
Егер бұл тәсілде көшірме сәулелі столда тікелей тущьпен сызылса, онда тущьпен сызу қатесі есепке алынбайды.
5. Пантографпен көшірме жасауда қателер пайда болады:
а) айналдыру шпилімен түпнұсқа контурын айналдыру,
б) аспаптық (пантографтың),
в) көшірмені тущьпен бастыру.
6. Квадраттар торы көмегімен пропорциональды циркульді пайдалануда қателер пайда болады:
а) оригиналда тор құру,
б) көшірмеде тор құру,
в) циркуль арқылы сызу,
г) контурлық нүктелердің арасында сызық жүргізгенде оны жалпыландыру,
д) көшірмені тущьпен басу.
Жоғарыда аталған әр қатені (пантографтың аспаптық және контурлық нүктелердің арасында сызық жүргізгенде оны жалпыландыру қателерінен басқалар) графикалық дәлдікке, 0,08 мм, теңестіруге болады.
Пантографтың аспаптық қатесінің мөлшері аспаптың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда бұл қателердің мөлшерлері графикалық дәлдікке жақындайды, ал басқа жағдайларда - ол одан 2-3 есе және оданда жоғары. Егер пантографтау үлкейтуге немесе кішірейтуге жасалса, онда аталған қателерден басқа көшірмедегі, түпнұсқа планның дәлдігін сипаттайтын, атап айтқанда пландағы учаскелер мен контурлардың нүктелерінің орналасу қателері және түпнұсқа контурларын шпильмен айналдыру қателері сәйкестілі ұлғаяды немесе кішірейеді
Көшірмедегі контурлық нүктелердің орналасу қателері бастапқы төрт жағдайда келесі формуламен анықталады:
(3.2)
бесінші жағдайда:
, (3.3)
алтыншы —
, (3.4)
фотомеханикалық көшіруде:
. (3.5)
Бұл формулаларда mt — түпнұсқадағы нүктенің орнының қатесі мм; п — көшірме жасаудағы жеке іс әрекеттердің саны; k — көшірме масштабының оригинал масштабына қатынасы.
(3.З) және (3.4) формулаларында жақшадағы 0,08 мм өлшем, пантограф шпилін сызықпен немесе пропорциональды циркульдің аяқтарын оригиналдағы нүктемен сәйкестендіру қателері.
(3.З) формуласында 5-0,082 = (2-0,08)2 + 0,082 өлшемі пантографтың конструктивтік ерекшелігіне тән (2-0.08 мм), және көшірмені тушьпен сызу (0,08 мм) қателерінен тұрады, (3.4) формуласында соңғы сан 0,15 мм — пропорционал циркуль арқылы көшірмеге түсірілетін нүктелердің арасын қосатын сызықтарды жалпылау қатесі, ал соңғы өлшем 0,08 мм – көшірмені тущьпен сызу қатесі. (3.2) — (3.5) фор­мулаларында көшірме және оригинал қағаздарының деформациясы есепке алынбайды, ал (3.5) формуласында көшірме аспаптарының оптикалық-механикалық кемістіктері есепке алынбайды.
Осы формулалар бойынша есептелген қателердің мәндерінің мысалдары 1-кестеде беріл-ген.
1-Кесте

Жағдайлар

Қателер т., (мм) формулалар бойынша

(3.2)

(3.3)

(3.4)

(3.5)

Көшірме масштабы түпнұсқа масштабына тең, к = 1, mt = 0,4 мм, n = 2

0,42

0,45

0,44

0,4

Көшірме масштабы 1:5000, түпнұсқа масштабы 1:10000, к = 2, mt = 0,4 мм

-

0,83

0,83

0.8

Көшірме масштабы 1 :10000, түпнұсқа масштабы 1 : 5000, к = 0,5, mt = 0,4 мм

-

0,27

0,27

0,2

1-Кестеде көрсетілгендей, көшірменің дәлдігін сипаттайтын негізгі қате оригиналдың дәлдігін сипаттайтын қате, ал көшірмені тиянақты жасауда, көшірменің түпнұсқаға қарағанда дәлдігін төмендететіндей, сезілетіндей қосымша қателер қосылмайды. Тек көшірменің масштабын кішірейткенде көшірме жасау қатесі, масштабы өзгермеген көшірмедегі контурлық нүктелердің орналасу қателерімен салыстырғанда, сезілетіндей өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет