Ойықжараның рецидиві .Ойықжара ауруына байланысты асқазанға (резекция немесе вагото- мин) операция жасағаннан кейін, ойықжара көп немесе аз жиілікпен ре- цидив береді (20.28-сурет). Асқазан резекциясынан кейінгі рецидив берудің себептері асқазанның үнемді резекциясынан және он екі елі ішек тұқылында асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабатының қалып қою нәтижесінде тұз қышқылы өнімдерінің жеткілікті төмендемеуінен болуы мүмкін. Антрал- ды бөлімнің қышқыл өндіруін реттейтін қызметінің бұзылысына байланыс- ты гастрин өндіруші жасушалар гастрин бөліп шығаруын жалғастырады және асқазан тұқылындағы тұз қышқылы бөлінуінің жоғарғы деңгейін ұстап тұрады. Ваготомиядан (10-15%) кейінгі ойықжараның рецидиві әдетте толық емес, немесе дұрыс жасалмаған ваготомияға байланысты болады. Асқазан ішінде іркілісті тудыратын Гейнеке-Микулич бойынша пилоропластика немесе Жа- буле бойынша гастродуоденостома кезіндегі асқазанның шығар бөлігінің та- рылуы да рецидивтің себебі болып табылады.
Ойықжара рецидиві МЭН-І және МЭН-ПА, гиперпаратиреоз, гастринома (Золлингер-Эллисон синдромы) сияқты экстрагастралды факторлармен бай- ланысты пайда болуы да мүмкін. Золлингер-Эллисон синдромы үш симптомды қамтиды:
- көбіне он екі елі ішекте орналасатын біріншілік пепсиндік ойыкжара, тиімді медикаментозды және стандартты хирургиялық емге конбейді және жиі рецидив береді; -гастриннің артық бөлінуімен түсіндірілетін тұз қышқылының күрт айқын гиперсекрециясы;
-гастриноманын болуы ол гастринді бөлетін немесе асқазанның 1 антралды бөлігіндегі G-жасушасынын гиперплазиясымен көрінетін ұйқыбездің нейроэндокринді ісігі. Золлингер-Эллисон синдромының бар екендігін ойық жара ауруларынын агрессивті ағымы, жиі қайталануы және асқынуы (қан кету, анамнезіндегі перфорациясынын болуы), емдеу әсерінін аз болуы, асқазанға стандартты операция жасалғаннан кейін ойық жаранын рецидив беруі аркылы күмәнда- намыз. Дифференциалды диагностика үшін маңыздысы - қандағы гастрин мөлшерін және тұз қышқылын анықтау болып табылады. Золлингер-Эллисон синдромымен ауыратын адамда тұз қышқылының базалдык секрециясы 15 ммоль/сағаттан асады, ал қышқылдығын төмендету мақсатында асказанга бұрын операция жасалған адамдарда Өте ауыр жағдайларда көктамыр тамыр ішіне секретин, кальций глюкона- 5 ммоль/сағаттан көп болмайды. ты және тағы да баскаларымен арнайы жүктемелік тест жүргізу ұсынылады («Ұйқыбездің ісіктері» тақырыбын қараңыз). Бильрот-II бойынша асқазан қайталануы 2-3% жағдайда байқалады. Ойықжара ащы ішектін әкететін ілмегінде (ulcus pepticum jejuni) жиі пайда болады. Көлденен сакиналы.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы.Ойықжараның қайталануына тән белгілері: ауырсыну сезімі, құсу, қан кету (көлемді немесе жасырын қан кету), анемия, арықтау. Асқазан-жіңішке- ток ішек жыланкөзі кезінде осы белгілерге диарея, нәжіс араласқан құсық, кыска мерзім арасында тез арықтау косылады, өйткені желінген тамақ опера- ция жасалған асқазаннан бірден тоқ ішекке түсіп, астың қорытылмауы орын алады. Неғұрлым мәліметті диагностикалык әдістеріне рентгенологиялык тексеру әдістерін жатқызады. - эндоскопия мен Эми Ваготомиядан кейінгі ойық жаралардың қайталануы кезінде антисек- рециялык дәрілердің біреуін (омепразол, ранитидин, фамотидин) және хеликобактериялық індеттің эрадикациясы үшін антибиотикті қабылдау жақсы көмектеседі. Атап көрсетілгендей, гастроеюналды анастомозда орналасқан маргиналды ойық жараны медикаментозды емдеу жақсы нәтиже бермейді. Медикаментозды емнің нәтижесі болмағанда немесе өміріне қауіп тудыратын асқынулар болған жағдайда, хирургиялык реконструктивті операция жасауға көрсеткіш болып табылады. Реконструктивті операциянын басқа түріне ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, асқазан резекциясы кезінде он екі елі ішек тұқылында антралды бөліктің шырышты қабаты калып койса, оны алып тастау керек. Бильрот-II бойынша асказан резекциясынан кейін ойық жаралардын кайталануы кезінде Баганалык ваготомия немесе ойық жараны ала отырып, асказаннын барын- ша жоғары резекциясын жасаған абзал. Гофмейстер - Финстерер бойынша анастомозды Ру бойынша анастомозга кайта өзгертіп, бағаналык ваготомия жасау жаксы нәтиже береді. Асқазан резекциясынан және селективті прок- сималды ваготомиядан кейінгі кезенде ойықжаранын кайталануы болганда антрум-резекцияны бағаналык ваготомиямен және ру бойынша гастроеюнал- Ды анастомоз жасау кажет.