1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Шешендік толғаудағы табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктерінің жырлануы



бет63/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

88. Шешендік толғаудағы табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктерінің жырлануы.

Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді.


Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды.
Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.

Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді:


«Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз.
89. Шешендік даудың жер дауы, жесір дауы, құл дауы, мал дауы және ар дауы деп бөлінуі.
Ертеде қазақы ортада даугерлер ел арасындағы құрметті, қадірменді ақсақалдарға жүгініп, дауларын халықтың жөн-жоралғысымен қарап, билік айтуын сұраған. Олардың билігіне разы болмаса, онда даудың әділ шешімін табу үшін халықтың әдет-ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, елге танымал биге барып шағымданған.

Қазақтың тұрмысында, әлеуметтік өмірінде үлкен дау-жанжал көбінесе жерге, жесірге, малға, құнға қатысты болған. Жер дауы – жайылымдық және шабындық жерлерге қатысты руаралық немесе жеке адамдар арасындағы дау. Жесір дауы – отбасылық-некелік салттың бұзылуына қатысты дау. Қүн дауы – кісі өліміне байланысты, мал дауы – дүние-мүлікке қатысты дау. Дауласушылардың, куәгерлердің қатысуымен өтетін дәстүрлі билер жиынында, негізінен, байырғы ортаның дay мұраты – бітім қағидасы бойынша, екі тарапты татуластыру, бәтуалы бітімге шақыру мақсаты көзделген, яғни қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің негізгі принципі басшылыққа алынған. Онда дауласушы жақтардың сөз ұстаған билері шығып, қамшы тастап, өздерінің дәлелдерін дәйекті түрде жеткізіп отырған. Дауда шешендік, тапқырлық, қарсы жақтың осал жақтарын дәл басатын біліктілік керек. Дауға төбе би төрелік айтады. Төбе бидің шешіміне даугерлер де тоқтауға тиіс.Ертеректе шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған кісілер ақ және қара қылдан ескен жіп ала барған. Егер дауласқан екі жақ та би шешіміне тоқтаса, билік айтушы айттым – бітті, кестім – үзілді деп, даудың шешілгенін білдіреді де, жіпті қақ ортасынан қияды. Бұл – билік айтқан адамның «аң» пен «караны» ажыратып, қара қылды қақ жарған әділдігін білдіретін семиотикалық таңба. Кейбір деректерге қарағанда, жіпті қарала киінген кемпір кесетін болған. Қазақтар жайлы көптеген маңызды дерек қалдырған А.Янушкевич (1803- 1857) осындай оқиғаның тікелей куәсі болғандығын баяндайды: «Екі қазақ бірдеңеге таласып, әділ төрелігін естуге биге келіп жүгінеді. Ол билік айтқан кезде дауласқандар жіптің екі басын ұстап биге береді. Даудың шешілгендігінің белгісі ретінде ол жіпті екіге бөледі». Бұл ғұрыптың орындалуы – даудың аяқталуын, қарсы жақтардың мәмілеге келуін, қазылыққа ризалығын аңғартады. Егер «ала жіп» кесілмей тарқаса, даугерлер билікке риза болмағанын, жанжалдың шешімі кейінге қалдырылғандығын білдіреді. Билік айтқаны үшін кесілген айыптың (малға есептеп) оннан бірін билерге береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет