58
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Мая да аузына тәтті сүт барғандай жұтынып қоя-
ды.
– Жасаған ием, Құдайдың құдіреті! Сәбиіме сүт
табылды. Менің емшегім иіп отыр, – деп Ақілгек
отағасынан сүйінші сұрағандай қуана күбірледі.
Осы оқиғадан екі жарым жыл өткеннен кейін
Лиза өмірге Гүлмира есімді қыз баланы әкелді.
Мая Сейтім мен Ақілгектің бауырында, Лизаның
соңынан ерген сіңлісі болып өсіп келеді. Өзгелер
де, Ағанас пен Лиза да Гүлмираны
осы шаңы-
рақтың тұңғыш қызы деп санайтын. Гүлмирадан
кейін Жанна мен Бибігүл есімді қыздары өмірге
келді.
Жанна дүниеге келгенде бір келіндері Сей-
тімнен «Лиза ер баланы дүниеге әкелді» деп сү-
йінші сұраса керек. Ер баланы шаңырақтың иесі
санайтын қазақ емес пе, Сейітмұхамбет те бұл
жаңалыққа қатты қуанып, балаға Жанболат деген
есім бермекші болады. Бірақ өмірге қыз бала кел-
гендіктен Жанболат деген есімді Жанна деп өз-
гертіпті. Сөйтіп жүргенде 1973 жылы көптен күт-
кен Жанболаттары дүниеге келді. Кенже қыздары
Сайраның есімін Мая өзі қояды. Сөйтіп, «мынау
жалғанда соңымнан ерген не мылқау інім жоқ, не
соқыр сіңлім жоқ» деп қынжылып жүретін Лиза
өзі жарық дүниеге әкелген алты перзентінің бірін
бауыр, енді бірін бала қылып, сүйген жары Ағанас-
пен бірге бақуатты өмір сүріп жатты.
Бір қуанышты
бір өкініш ауыстырған ау-
малы-төкпелі заманда Сейітмұхамбеттің қара
шаңырағына да қайғы бұлты қайта төнді. Сей-
тім ұста бұл күндері ұстаханасының есігін апта-
сына бір ғана рет ашып, құрал-саймандарының
шаңын сүртіп қойғаны болмаса,
бұрынғыдай
зергерлікпен айналыспайтын. Бұл күндегі негіз-
гі қызметі – қызының үйіне барып, немерелерін
АНА ТАҒДЫРЫ
59
мейірлене бір иіскеп,
өз қолымен шағып даяр-
лаған өріктің дәнін оларға қуана үлестіру. Қой-
дың асығын жақсылап тазартып, қынаға сап бояп,
жиен немерелерімен бірге ханталапай ойынын
ойнап, көңілі бір марқайып қайтушы еді. Жек-
сенбі күні аудан орталығындағы жайма базардан
балаларға тәттінің сан түрін алып келе жатқан.
Қыс ортасы болатын. Бетін қар жапқан көк мұзды
байқамай басып қалып, шалқасынан құлады. Ет
қызуымен орнынан тұрып, үйіне дейін аман-есен
жеткенімен, қайтадан аяғына мініп кете алмады.
Көктемнің мамыражай бір кешінде Сейтімнің
ауласына бір «Москвич-412» маркалы жасыл
машина келіп кірді. Ол заман көлік атаулының
тапшы кезі. Ағанас пен Лиза әкелерін аулаға кө-
теріп шығарып:
– Әке, мына көлік сіздікі.
Енді жамбастап
жатқанды қойыңыз. Шығып көлігіңізді айдаңыз,
– демесі бар ма.
Мәселенің байыбын бірден ұққан Сейтім ұста
көзіне жас алып:
– Қарақтарым, өздерің мініп, қызығын өздерің
көріңдер. Менің бақилық болатын сәтім жақын-
даған тәрізді. Осы күзде қамдана беріңдер... Ар-
тым тыныш, ол жақта бір қауым ел бар, қорықпай
аттанамын. Тек сендерден бір тілегім – менің
қара шаңырағымды құлатпаңдар. Осы жерден
жақсылап үй салып, өсіп-өніңдер! – деді. Сөйт-
ті де, Ақілгекке қарап көзімен ишарат еткендей
болды.
Жарын айтқызбай ұғып, емеурінінен та-
нитын Ақілгек үйге кіріп кетіп, артынша ақ ора-
малға оралған қомақты түйіншекті көтеріп қайта
шықты.
– Мұның ішінде құнды қағаздар, жинақ
кітапшасы және қомақты қолма-қол ақша бар.
Осы дүниенің барлығы сендердікі. Ел тамсанған-