1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет9/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Тапсырмалар мен сұрақтар

  1. Фонетиканы оқыту әдістемесі қандай мәселелерді қамтиды?

  2. Дауысты дыбыстар қалай меңгертіледі?

  3. «Тасымал» ұғымы қалай түсіндіріледі?

7. Дәріс тақырыбы: Орфографияны оқыту әдістемесі


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Бастауыш сыныптарда орфографияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен ұстанымдары
2. Орфографиялық жұмыс мазмұны
3.Орфографиялық жаттығу түрлері
4. Орфографиялық жаттығуларды жүргізу әдістемесі
Бастауыш сыныптарда орфографияны оқыту әдістемесінің мақсаты, ұстанымдары және орфографиялық жұмыс мазмұны
Орфографияны оқыту әдістемесі – бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық сауаттылығы мен біліктілігін қарастыратын қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы.
Бастауыш мектепте орфографияны оқытудың мақсаты – оқушылардың жазу сауаттылығын қалыптастыру.
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де, қажетті жорлы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың негізі бастауыш мектептен қаланатыны белгілі.
Орфографияны оқыту әдістемесі мынадай ұстанымдарға сүйенеді:

  1. Орфографияны тілдің фонетика, морфология, синтаксис салаларымен тығыз байланыста оқыту;

  2. Әр түрлі тілдік құбылыстарды (дыбыс пен әріпті, фонеманы позициясы тұрғысынан) бір-бірімен салыстыра оқыту;

  3. Мағыналық-құрылымдық (морфемалардың құрамы мен мағынасы туралы білімді тірек ету) ұстанымы.

Бастауыш сыныптардағы орфографиялық жұмыстың мазмұнына орфографиялық білім, орфографиялық ереже, орфографиялық білік пен дағды жатады. Орфографиялық білім ұғымдар мен фактіден құралады. Орфографиялық ұғым жазу жүйесін көрсетеді және екіге бөлінеді: 1) оқушылардың игеретін ұғымдары; 2) мұғалімнің оқыту үдерісінде басшылыққа алатын, сүйенетін ұғымдары. Біріншінің негізіне: орфограмма, қате, орфографиялық ереже, олардың түрлері жатады. Екіншіге: орфография ұстанымдары, орфограммалардың түрлері мен нұсқалары жатады. Бұл ұғымдар бастауыш сынып мұғалімінің орфографияны оқытуда негізгі базалық білімі болып табылады. Орфографиялық факт – жазылуын оқушы есінде сақтауы тиіс жеке тілдік құбылыс. Мысалы, сөздердің бірге, бөлек жазылуы, қосымшалардың жазылуы, шылаулардың жазылуы т.т. Орфографиялық білім дағды мен іскерлікке айналып отырылуы тиіс.
Орфографиялық ереже – орфограммалардың жазылуы, яғни сөздің жазылу нормасы туралы нұсқаулар. Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.
Бағдарлама талабына сай сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше жазба жұмыстар жүргізілуі тиіс. Оларға көшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:

  1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.

  2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).

  3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немес түзетіп жазу т.б.

  1. Көшіру. Алғашқы, І сыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с.с белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет