1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет8/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Жуан және жіңішке дауыстыларды оқыту. Бұларға түсінік бергенде, мұғалім жеке дыбыстардың өзін топтап кестеге түсіре салмай, әуелі тақтаға бірнеше сөз жазады немесе көрнекі құралға жазып әкеледі де, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылып тұрғанын ауызша айтқызады және себебі сұралады. Оқушы бұл сөздердің жуан, жіңішке айтылуы дауысты дыбысқа байланысты деп жауап беруі мүмкін. Егер ондай жауап болмаса, мұғалім өзі айтып, дауыстылардың астын сызғызады.
Дауыссыз дыбыстарды оқыту әдістемесі. Бастауыш сыныптарда дауыссыз дыбыстарға байланысты бірнеше тақырып берілген, бірақ олардың бәрі дерлік дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне арналған. 2-сыныпта «Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері» тақырыбы танытылады. Дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстарды меңгеру оқушыларға қиындыққа түседі. Біріншіден, сан жағынан екі есе көп, екіншіден, оқушы сөз ішіндегі дауыссыздарды тапқанмен, оны түрге бөлуден қиналады. Ұяң дыбысты қатаң мен немесе үндімен, болмаса керісінше, қатаң дыбысты ұяңмен шатастырады, үнді дыбысты ұяңдар тобына қосып жібереді; үшіншіден, оқушылар арасында кейбір дауыссыздарды дұрыс айта алмау фактілері жиі кездеседі. Мысалы, «н» мен «ң-ді» ажырата алмай, өлең деудің орнына өлен, жаңаның орнына жана, ж-ның орнына з-ны (жақсы-зақсы), ш-ның орнына с-ны (қашан-қасан), керісінше с-ның орнына ш-ны (сен-шен), һ-тың орнына х-ны (қаһарман-қахарман) қойып айтатындар көп. Мұның зардабы, әсері жазу жұмысына тиіп, осы дыбыстардан жиірек қате жібереді.
Дауыссыз дыбыстарды оқыту әдістемесі бойынша:
1. Дауысты дыбыстармен салыстырыла оқытылады.
2. Дауыссыздардың дауыс қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуін анықтату үшін алдымен, кестені байқатып, қаншасы қатаң, ұяң, я үнді екеніне оқушылардың көзін жеткізу керек. Одан соң қатаң мен ұяң салыстырыла айтқызылады, ол үшін екі түрлі тәсіл қолданылады: а) әр оқушы өз тамағын оң қолмен ұстап тұрып, т-д, қ-ғ... дыбыстарын айтады да, қай дыбысты айтқанда тамақта діріл пайда болады, қайсысында болмайтындығын айтып отырады. Демек, діріл жағдайында ол дыбыс – ұяң, дірілдемесе қатаң болатындығын ескеру керек; ә) екі құлағын алақанымен басып отырып, сол дыбыстарды айтады: бастың іші күңгірлесе - ұяң, күңгірлемесе – қатаң. Осы екі тәсілмен оқушы кестедегі қатаң дыбыстарды бірыңғай, ұяң дыбыстарды бірыңғай айтып шығады. Ол кезде оқушыға сол дыбысты жалаң (дауысты дыбыс қоспай) айту тапсырылады. Екінші кезекте кестедегі жұп дыбыстарды алма-кезек айтады. Сол арқылы қатаң-ұяңның сырын жақсы түсінеді. Осыдан соң неге қатаң дыбыс болады дегенге «салдыр» ұғымын айту керек. Неге ұяң болады дегенде: тамақ қуысында дауыс шымылдығы болатындығын, ол жұмыс істегенде дірілдейді., одан үн пайда болады деп түсіндіру керек. Үнді дыбысты түсіндіргенде «үн» деген терминге көңіл аудару керек. Үнді дыбыстарды өзара салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін білу қажет.
«Тасымал» тақырыбы буынмен тікелей қатысты, сауатты жазуға дағдыландыратын тақырып болып табылады. Сондықтан жазуда дұрыс тасымалдату үшін мына ережеге оқушыны дағдыландыру қажет: бір буынды сөз тасымалданбайды, тасымал буын жігінде болады, бірақ әр буында ең кемі екі дыбыс болады (қа-ғаз, кі-сі). Буын құрамында бір әріп болса, яғни оқы, Анар, ерін, сия сияқты сөздер тасымалданбайды. Тасымалдың белгісі ­– дефис. Ол жолдың оң жағына қойылады. Осы айтылғандар тақта көрнекілігі, жаттығулар арқылы іске асырылуы керек.
«Алфавит» тақырыбы 1-сыныпта берілген. Мұғалім сабақта алфавиттегі әріптердің орналасу тәртібін, әр әріптің кіші және бас әріп түрі болатынын салыстыру тәсілін қолдану арқылы үйрету керек. Кейінгі сыныптарда осы тақырыпты қайталауда: а) алфавит тәртібін үйреткенде: сөздіктердегі сөздердің тізілу ретімен таныстыру және тілімізде кісі атының алфавит тәртібімен жазылатындығын ескерту керек; ә) бас әріпті үйреткенде де сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталады, қала аттары, зауыт, мекеме, мемлекет, жер-судың меншікті атаулары сөйлемнің қай жерінде тұрса да, бас әріппен жазылады деп түсінік беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет