1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет6/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту қалай ұйымдастырылады?

  2. Қазақ тілінің мазмұны

  3. Қазақ тілінің оқу-әдістемелік кешені нелерді қамтиды?

4. Дәріс тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» курсы мазмұндық-әдістемелік желілер материалдарын оқытудағы жалпы тәсілдемелер


Қарастырылатын сұрақтар:
1 Оқытудың коммуникативтік тәсілдемесі
2 Оқытудың зерттеушілік тәсілдемесі
3 Оқытудың жүйелік-іс-әрекеттік тәсілдемесі
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады, бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды өмір талап етеді. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын.Соның бірі Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы.
Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді.Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болады, сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетіндігін дәлелдейді.Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат–нәтижелі пайдалану.Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасау, жеке оқушымен жұмыс істеу.Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта оқушылардың білімділігін,іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен, жеке, жүппен істеу арқылы жетістіктерге жетеміз.Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп, тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.
Оқытудағы зерттеушілік тәсілдеме тек ақпарат іздеу, өңдеуден ғана емес, оны қорытындылап, өз ойын түйіп, нәтиже алу және оны өз ортасынада қорғай білу. Жоғарыда келтірілген ойлар білім беру ұйымында оқыту үдерісінде зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру үдерісі барысында өз бетімен белсенді ізденістің әртүрлі деңгейі және оқушылар үшін қолжетімді зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктері пен оқуға ынтасы артады.
Белсенді іс-әрекеттік тәсілдеме – нәтижеге жеткізетін ең тиімді тәсілдеме, өйткені адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Бұл айтылғандарды қытай ғұламасы Конфуцийдің «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін» деген тұжырымы нақтылай түседі. Демек бұл тәсілдемедегі «не білу» емес, «не жасай білу» «Қазақ тілі» пәні тапсырмалар жүйесін түзудің негізгі қағидасы болып табылады.Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Тәсілдеме» ұғымын қалай түсінесің?

  2. Аталған тәсілдемелерді ұстанудың маңызы неде?

  3. Аталған тәсілдемелерді ұйымдастыру жолдары қандай?

5. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері және оларды топтастыру


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістері
2.Қазақ тілін оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі
3.Қазақ тілінен білім беру әдістерінің классификациясы
Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді. Оқыту әдістерінің түрі мектептегі оқыту жүйесіне байланысты түрлі кезеңдерде өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы қаулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері. Ал белгілі ғалым, дидактик Р. Лемберг «Дидактические очерки» кітабында мектептегі оқыту әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жұмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалық жұмыс, көркем өнерді пайдалану. Ғалымдар Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың 1965ж. «Қазақ тілін оқыту методикасында» оқыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: Байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау. Ал біз оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап көрсеткенді жөн көрдік. 1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері. Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал ІІ топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; ІІІ топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, тест лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады. 2-сыныпта алғашқы тілдік грамматикалық ұғымдар қоса меңгертіледі. Сондықтан оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. 3-4 сыныптарда тілдік ұғымдар біртіндеп күрделене түседі. Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады: * сабақ құрылымының икемділігі; * түсіндірілетін жаңа ұғым бойынша проблема қою; * оқушылардың жаңа ұғымды меңгерудегі интенсивті өзіндік әрекетін ұйымдастыру; * тақырыпқа қатысты пікірталастың болуы; * дидактикалық ойындар; * тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді ұйымдастыру; * білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттар құру. Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Әдіс деген не?
2. Оқыту әдістерінің топтастырылуы туралы түсінік беріңіз.
3.Қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдістерін сипаттаңыз.
4. Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау әдістері туралы айтыңыз.

6. Дәріс тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет