1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Қан жүйесі туралы түсінік. Эритроциттер: саны, пішіндері, құрылысы, химиялық құрамы, қызметі. Ретикулоциттер



бет6/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
6. Қан жүйесі туралы түсінік. Эритроциттер: саны, пішіндері, құрылысы, химиялық құрамы, қызметі. Ретикулоциттер.

Қан жүйесіне қан өндіретін мүшелер – қызыл сүйек майы, тимус, көкбауыр, лимфа түйіндері, қ ан өндірмейтін мүшелердің лимфоидтық тіндерін және эпителий мен дәнекер тіндердің ішінде орналасқан қан жасушалары жатады. Қан жүйесі иммундық, лимфалық жүйелермен байланысы мықты. Қан жүйесі қоректік заттарды қабылдап, энергия бөледі.


Эритроциттер. Сүт қоректілер мен адамның қызыл қан денешіктеріһ – қандағы көп пішінді элементтер, көбею қабілетінен айрылғын жоғары маманданған құрылым. 
ядро жоқ, негізгі қызметі тыныс алуға байланысыты - оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау. Осы қызметі гемоглобинмен-темірі бар күрделі нәруыз, тыныс алу пигментімен жүзеге асады.
Эритроцит цитоплазмасы арқылы аминқышқылдарды, антиденелерді, токсинді заттарды, кейбір дәрілерді тасымалдайды.
Ересек еркектерде 3,9-5,5*1012 /л, ал әйелде 3,7-4,9*10^12/л .енді туылған нәрестеде 4,3-7,6*10^12/л, ал 1 айдан 1 жасқа дейін норма 3,8-4,9*10^12/л араЛЫҒЫНДА БОЛУЫ КЕРЕК. 7-12 жас аралығында 3,5-4,7*10^12/л. 3-4 айлық балада эритроциттердің саны азайып, физиологиялық анемияға ұшырауы мүмкін.
Эритроциттердің 80-90% екі жағы ішіне ойыстана кіре орналасқан- дискоциттер. Басқа түрлері планоциттер – екі жағы да бірдей тегіс болады және қартая бастаған 3 түрлері - эхиноциттер/тікенекті эритроциттер (6%) , стоматоциттер/күмбез тәріздес (1-3%) , шарға ұқсас не сфероциттер (1%) ажыратылады. 
Қалыпты эритроциттердің мөлшері нормациттер деп аталады. Олар 75% құрайды. Диаметрі 7,5 мкм-дан төмен болса – микроциттер, ал макроциттердің диаметрі 9-12 мкм болады. 
Эритроциттердің цитоплазмасында судан (60%) және құрғақ заттан (40%) тұрады және кейінгінің құрамында 95% гемоглобин мен 5% басқа заттар болады. Қан құрамында жас эритроциттер болады 1-5 пайыз, олардың гемоглобині аз, қышқыл мен негізгі бояуларды қабылдайды, яғни полихромофильді. Арнайы суправиталды бояу немесе бриллиант-крезилкүлгінмен бояғанда жасушада торлы құрылымдар анықталғандықтан, оларды ретикулоциттер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет