4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
149
36
Білім беру құзырлары түсінігін
айқындайтын болсақ,оны үш топқа
бӛлуге болады. Білім беру мазмұнының
1-жалпы метапәндік (барлық пәндер
үшін), 2-пәнаралық (пәндер немесе
білім беру аймақтары циклі үшін),
3-пәндік
(әрбір оқу пәні үшін).
Осылайша,
білім
берудің
негізгі
құзырлары білім беру аймақтары мен
оқытудың әрбір сатысындағы оқу
пәндерінің деңгейінде нақтылана түседі.
Ресей ғалымы Н.В.Кузминаның
кӛзқарасы бойынша: «Құзырлылық»
дегеніміз – педагогтың басқа бір адам-
ның дамуына негіз бола алатын білім-
ділігі мен абыройлылығы», - деді.
Құзыр – ӛкілетті қызмет адамы,
сол салада оның сәйкес білімі, танымы
болуы қажет және жауапты шешімдерді
қабылдауға құқылы.
Құзырлылық – жұмыскердің ӛз
білімі, біліктілігі және дағдылары
негізінде нақты кәсіп аясында жоғары
сапалы және мӛлшерлік еңбек нәтиже-
леріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін
білікті атқара алу қабілеті.
Болашақ
мұғалімнің
тұлғасы,
дәстүрлі пәндердің (философия, психо-
логия, тарих, мәдениеттану, шетел тілі)
әсеріне
байланысты
қалыптасады.
Соңғы уақыттарға дейін коммуникатив-
тік
құзырлылықты
қалыптастыруға
жеткілікті кӛңіл бӛлінбеді.
Қазіргі оқытушы, болашақ мұға-
лімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып,
бағыт-бағдар беру арқылы ӛздігінен
жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде,
жаңа
идеялар
мен
жаңалықтар,
болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей
тұлға
даярлап
шығуды
кӛздеуде.
Оқытушы қауымнан болашақ мұғалім-
дер тек білімге ғана емес, ӛмірге де
үйрететін қабілеттілікті қажет етіп
отыр.
Болашақ мұғалімдердің коммуни-
кативтік құзырлығын кәсіби даярлау
үдерісінде заманауи білім беру техноло-
гияларын пайдалана отырып ағылшын
тілін оқыту арқылы қалыптастыру
қазіргі заман талабы.
Олардың ішінде проблемалық
оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік
оқыту, ойындық технологиялық оқыту,
коммуникативтік оқыту тағы басқа
технологиялар шетел тілін үйренуші-
лердің белсенділігін арттыруда қолайлы
болып табылады. Оқыту технологиясы
педагогика ғылымында «педагогикалық
үрдістің жүзеге асу жолы» танылады.
«Педагогикалық технология – оқушы
мен оқытушыға қолайлы жағдайда оқу
үрдісін
жоспарлау,
ұйымдастыру,
ӛткізудің және оқушымен оқытушының
бірлескен педагогикалық әрекетінің
әрбір жеке бӛлшегіне дейін ойласты-
рылған моделі».
Мұғалімдердің коммуникативтік
құзырлылығының қалыптасуының тиім-
ділігі педагогикалық шарттардың жиын-
тығы арқылы анықталады: мамандық
саласына бағытталған оқыту материал-
дарын сұрыптап таңдау; коммуникатив-
тік құзырлылықты қалыптастыруда
сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу; болашақ
мұғалімдердің коммуникативтік құзыр-
лылықтарын қалыптастыруды жетілдіру
барысында тиімді әдістерді қолдану;
болашақ мұғалімдердің коммуниктивтік
құзырлылықтарын
қалыптастыруға
ықпал ететін техникалық және техноло-
гиялық құралдарды орынды пайдалану;
мамандыққа бағдарланып, ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларға
негізделген таңдау курстарын ӛтуде
қолданбалы бағдарламалар кешенін
пайдалану;
болашақ
мұғалімдердің
коммуникативтік
құзырлылықтарын
қалыптастыруды жетілдіруге байланыс-
ты арнаулы дайындалған бағдарлама-
ларды және әдістемелік нұсқауларды
қолдану.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
150
34
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Шетел тілі пәні мұғалімдерінің қабілеттерін арттыру жолдары //Хабаршы.-
Түркістан, 2005 ж. - №5. - 193-195 бб.
2.
Оқытудағы жаңа технология негізінде жүзеге асырудағы кейбір мәселелер
//Ізденуші.- Шымкент, 2006 ж. - №1.- 129-135 бб.
3.
Болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың дидактикалық шарттары //Ұлт
тағылымы.- Алматы, 2007 ж. - №1. - 104-107 бб.
4.
Болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерін даярлау мазмұнындағы білім мен
іскерліктердің сипаты // Ізденіс.- Алматы, 2007 ж. - №4. - 272-277 бб.
5.
Болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерін даярлауды педагогикалық тапсырмалар
тұрғысынан жетілдіру: Тіл саласында білім беруге арналған Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның материалдары. - Қарағанды, 2007 ж. - 210-213 бб.
6.
Ә.Қ.Қасымов, Т.Ж.Увалиева. «Оқыту технологиялары». Кітап, 2007 ж.
БАСАПА ИШАН ЖАЙЛЫ...
М.Рауан
1
, М.Есімова
2
Сырдария ауданындағы №130 Абай орта мектептің 9 сынып оқушысы
1
, тарих пәні мұғалімі
2
Қазіргі
Ақжарма
ауылында
(бұрынғы Ильич совхозы) Басапа ишан
атындағы мешіт бар. 20 жылға жуық
уақыттан бері ауыл тұрғындары осы
мешітке барып, құдайға құлшылық етіп
келеді. Кеңес үкіметі орнап, мешіт-
медресе атаулыны жермен жексен
еткен, молда, ишан, ахундарды елден
аластап, кӛзін жойған заманда, дініміз,
тіліміз, болмысымыз ұмытыла бастады.
Ұмытылып, жойылған құндылықтардың
арасында, заманында халық пір тұтқан,
қасиеттеп, қастерлеген, халқына, еліне
қызмет еткен тұлғалар да болды.
Олардың халыққа жасаған игі істері
түгілі, аттары да аталмай, ұмытылып
кете барды. Тақырыбыма арқау болып
отырған тұлға – Басапа ишан есімі де
ұмытылғалы тұрған, ескерусіз қалған
ата-бабаларымыздың
бірі.
Атында
мешіт болғанымен, бұл кісі жайлы кӛне-
кӛз қарияларымыз ғана білетіні айқын.
Бүгінгі ұрпақ түгілі тіпті ел ағаларының
ӛзі де бұл адам туралы біле бермейді.
Менің мақсатым – Басапаның есі-
мін жыр етіп айтуға тұрарлықтай адам
болғанын, қазір ешкім естімегенімен,
уақытында бір қауым елдің пірі, қадір
тұтатын ер – азаматы болғандығын,
елге, болашақ ұрпаққа жариялау.
Сонымен, Басапа кім болған?
Қазіргі Жалағаш ауданы, Ақарық
елді мекенінде Аламесек дейтін орта-
лық болған. Осы жерде сарықасқа, тама
халқы тұрады. 1850 жылы 13 жасар
Алдаберген (қажы) баланы еліне алып
келеді. Сейітасқар баласы Алдаберген
қажы Басапаның әкесі Алдаберген қажы
Аламесекте мешіт ұстап, ұрпағын
ӛрбіткен, халқының кӛзін ашқан, діни
сауатты кісі болған. Балаларын да діни
оқытқан адам.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
151
34
Басапа ишан мешіті
Қожаның
Сейітінен
болатын
Басапа ишан Мақтұмсейіт әулетінің
алтыншы ұрпағы. 1892 жылы (ұлу
жылы) дүниеге келген дейді бір
деректерде бірақ, Басапаның ӛмірін,
тегін бес саусақтай білетін 87 жастағы
осы
Ақарық
ауылының
тұрғыны
Рзақұлов Мырзабек ақсақал Басапа
1890 жылы туылған деп нақтылайды.
Жасынан зерек, алғыр бала 10-13 жасы-
нан бастап сауат ашқан. Алғашында
әкесінен сауаттанып, кейін Аламесек
орталығындағы мешітте Сұлтан ахун-
нан дәріс алған, кейіннен Дәулетназар
ахуннан білімін толықтырып, 1918 жы-
лы Бұқарадағы Мир-и-Араби медресе-
сінде білімін жалғастырған. 1922 жылы
медресені тәмамдап, Ақжарма бойын-
дағы мешітте имам болып дәріс оқиды.
«Басқа ахундар, ишандар 6,7,11 жылда
оқып бітіретін оқу орнын, Басапа
4 жылда оқып бітіреді, бұл оның зерек-
тігі емес пе», - деп тамсанады Мырзабек
ақсақал.
1922 жылы Басапа «Ишан» атағын
алады. Осы жерде «ишан» сӛзінің мәнін
ашсақ: Ишан – «әулие» деген сӛздің
баламасы, сопылық мектептің жетек-
шісі. Әулие – «уәли» сӛзінің кӛпше түрі,
мағынасы – ең жақын дос. Құран
кәрімде: «Біліңдер! Расында Алланың
достарына (әулие) қауіп-қатер жоқ, әрі
олар қайғырмайды. Олар иман келтіріп,
тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілі-
гінде де, ақыретте де қуаныш бар.
Алланың сӛздерінде ӛзгеріс жоқ. Міне,
ірі қол жетушілік осы», - деп баяндалған
(юныс сүресі 62-64 аяттар) Бұл атақты
Басапаға, бүкіл мұсылман қауымына
белгілі Ақ ишан деген білімдар адам
берген. Ол осы ӛңірге арнайы келіп,
Басападан емтихан алады. Барлық
сынақтан мүдірмей ӛткен Басапаны, ел
алдында марапаттап, ишан атағын
береді. Басапаның таңқаларлық кере-
меттері де болған. Бірақ, бұл қасиеті
туралы кағаз бетіне түспеген, тек ел
аузында, дәлірек айтсақ ӛзінен кейінгі
бауыры Нұғман баласы Зейнулла
ақсақал ғана біледі.
Зейнулла ақсақал Басапа ишанның
немересі. Ӛз әкесі Нұғман кезінде
Басапаның атқосшысы, кӛмекшісі бо-
лыпты. Нұғман да осал емес, ӛте сауат-
ты діни адам. Кӛкілаташ медресесінен
білім алған, кӛзі ашық, сонымен бірге
қасиеті де болған. Қасиеті сол – жәй
адамдарға кӛрінбейтін киелі жолбарысы
үнемі қасында жүреді екен. Түнде
ұйықтағанда аяқ жағында жатқан. Кейін
соғысқа кетіп, оралмай қалғанда:
«Түнде жолбарысы келіп, терезенің
сыртынан тырналап, қыңсылап кетті,
әкелеріңе бірдеңе болды-ау», - деп
шешем марқұм жылап еді, артынша кӛп
ұзамай әкемнен қара қағаз келді», - деп
еске алып күрсінді Зейнулла ата.
Басапаны кейіннен Ақжарманың алаша-
лары тамалардан сұрап алады, осылай-
ша Басапа Ақжармаға келіп, кӛптің
кӛлінің маңында мешіт ұстайды. Басапа
1910 жылы үйленген. 3 қыз 2 ұлы
болған. Сәпи, Сейфулла дейтін ұлдары
соғысқа
кетіп,
қайта
оралмаған,
қыздары: Әшия, Зұбайда, Тайба. Осы
үш қыздан ұрпақтары бар.
Қуғында жүрген, зұлмат заманда
жаны
ашыған
жұрты:
«Басеке,
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
152
35
қолыңнан бәрі келеді, неге торғай
болып ұшып кетпейсің, балық болып
жүзіп кетпейсің?» - дегенде, «Жоқ, мен
олай істей алмаймын, Алланың жүзіне
қалай қараймын, тағдырыма жазғанын
кӛрермін...», - деп қысқа қайырады екен.
1921 жылы Кеңес үкіметі мешіт-
терді жабу туралы шешім қабылдап,
артынша молда, имамдардыңда соңына
түскенде, Басапа Ӛзбекстанға барып
паналайды. Ол жақта 4 жылдай бой
тасалап, еліне оралады. 1937 жылы КГБ
оны қайта тұтқындап алып кетеді. Сол
кеткеннен қайтып оралмайды. Білімдар,
шәкірт тәрбиелеген, мешіт ұстаған
Басапа кітаптар жазған. Бірақ сол
кітаптардан бірде-бірі қалмаған. Ең
ӛкініштісі де сол.
Соңғы тұтқындап алып кетерде бір
қап кітабын ӛзімен арқалап кеткен екен.
Басқада
кітаптарын,
Аққұмдағы
Тәжімбет дейтін кісіге тастап кеткен, ол
кітаптарды бір жерге кӛмген. Ӛлерінде
қызына тапсырған, бірақ кейін сол
жерді қызы таба алмай қалған.
«Қуғында жүргенінде, бала күнім,
мені ертіп алып, ауыл сыртындағы бір
бейіттің басына апарды, ұзақ отырып
жылады, сонан оралған соң кітапты сол
бейіттің қасына кӛміп, Құран бағыш-
тады, бұл жайлы ешкімге айтпауымды
ӛтінді. Міне қаншама жыл ӛтседе енді
ғана айтып отырмын, бірақ ол жерді
енді
таба
алмаймын-ау»,
-
деп
Мырзабек ақсақал еске алады.
Кӛп зерттеуді талап ететін баба-
мыз туралы дерек кӛзі жоқтың қасы.
Бұл адам туралы білетін 2 кісі ғана,
Ақарықтағы Мырзабек ақсақал мен
Ақжармадағы
Нұғманов
Зейнулла
ақсақал.
Жанталасқан
мына
заманда
рухани кемелдігіміз кеміп бара жатқан-
дай. Бірақ біз құндылығымызды жоғал-
туға тиіс емеспіз, қайта оларды жарыққа
шығарып, ұрпаққа ұғындыруға міндет-
тіміз. Сол бабалардың жүріп ӛткен
жолы бізге үлгі, небір зұлмат басынан
ӛтіп жатса да, олар дінін еш нәрсеге
айырбастаған жоқ, қайта қастерлеп
қорғады, халықтың кӛзін ашты.
Басапа ишан асқан діни сауатты-
лығымен заманында еліне қызмет еткен
адам. Шәкірт тәрбиелеген, мешіт
ұстаған имам. Ұлттық болмысымыздың
рухани кемелдігіне тағы бір есімді
қосып, байытпақпыз.
Ендеше, Басапа XX – ғасырдың
Сыр ӛңіріндегі діни ағартушылық
бағыттың ӛкілі деуге әбден лайық адам.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қ.Смағұлұлы. Бабалар, аталар оның жалғасы. Мақтұмсейіт әулие ұрпақтарының
шежіресі.
2.
Сырдария ауданының энциклопедиясы.
3.
Құран Кәрім.
4.
Интернет материалдары.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
153
34
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Н.Ундреева
Қазалы ауданындағы №25 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты халыққа Жолдауында
оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа
технологиямен оқыту маңызды екенін
атап кӛрсетті. Қазіргі ғылыми-техника-
лық прогресс кезеңінде бұл міндеттер-
дің жүзеге асуы оқушылардың сӛйлеу
дағдысын дамытуына тікелей байланыс-
ты. Демек, оқыту барысындағы сӛйлеу
дағдысы жоғары, жаңа технологияны
жетік меңгерген тұлғаны қалыптасты-
ру – басты міндет. Коммуникативтілік
білім беру мақсатына жетудегі шарттар-
дың бірі болып табылады. Оқушылар-
дың сӛйлеу дағдысын дамыту барысын-
да ӛздері игерген білімі негізінде пікір
алысады, сӛз жарыстырып, ӛзара сынға
дайын болады, жеке фактілер мен
бақылаулардан
ой
тұжырымдауға,
талқылауға жетеді, ӛз бетінше шешім
қабылдаудың
жолдарын,
әдістерін
қарастырады.
АКТ – мұғалімді ауыстыру немесе
сабақ барысында оқушының кӛңіл
кӛтеру емес, мұғалімге оқу барысында
кӛмек кӛрсетуге арналған педагогика-
лық құралы. (МАН, 2012 ж.)
Мақсаты:
-
оқыту мен оқуда АКТ-ны
пайдалану оқу үрдісін жүйелі ұйымдас-
тыру;
-
пәнаралық байланысты орнату;
-
пән бойынша білім-білік, икем
дағдыларын дамыту;
-
уақытты тиімді қолдану;
-
ӛз жұмысыңды жүйелі жүргі-
зуге жағдай жасау;
-
деректермен оқушыларды ақпа-
раттандыру.
Ақпараттық-коммуникативтік тех-
нология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбие-
леу, дамыту, ақпараттық болжамдау
және
шығармашылық
қабілеттерін
дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуни-
кативтік және интерактивтік техноло-
гияларының бағыттары:
-
электронды оқулықтар;
-
телекоммуникациялық техноло-
гиялар;
-
мультимедиалық және гипер-
мәтіндік технологиялар;
-
қашықтықтан оқыту (басқару)
интернет желісі.
Ақпараттық-коммуникативтік тех-
нологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім
алдына
жаңа
бағыттағы
мақсаттар қойылады:
-
ӛз пәні бойынша оқу-әдісте-
мелік электронды кешендер құру, әдіс-
темелік пәндік web-сайттар ашу;
-
жалпы компьютерлік желілерді
пайдалану;
-
бағдарламалау ортасында инно-
вациялық
әдістерді
пайдаланып,
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау.
(мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар).
-
қашықтықтан оқыту (internet
желісі) барысында ӛздігінен қосымша
білім алуды қамтамасыз ету.
Ақпараттық-коммуникативтік тех-
нология кӛмегімен сӛйлеу дағдысын
дамыту дегеніміз – оқушылардың ком-
пьютерлік технологияны оқу барысында
тиімді пайдаланып, кӛптеген жаттығу-
лар орындап, ӛзара ағылшын тілінде
қарым-қатынас жасау болып табылады.
Қазақстан
Республикасының
«Білім туралы» Заңында белгіленген-
дей, білім беру жүйесін ақпараттанды-
ру, мемлекеттік білім саясатының негіз-
гі қағидаларын жүзеге асырудың маңыз-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
154
34
ды бір механизмі болып табылады.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген
білім берудің жаңа жүйесін қалыптас-
тыру және педагогикалық практикаға
жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен
қатар, басқа да жаңа технологияларды
енгізу білім жүйесін дамытудағы стра-
тегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесінде
компьютердің пайда болып, жедел
дамуының арқасында білімнің қарқын-
ды дамығанын барлығы мойындайды.
Менің
тәжірибемде
видеофильм,
электрондық пошта (e-mail), мульти-
медиалық презентация, анимациялық
суреттер және т.б. кӛмегімен ағылшын
тілінде монолог және диалог түрінде
сӛйлеу
қабілетін
қалыптастыратын
жаттығуларды орындаумен айналыс-
тым. Ал, шетелде болмай-ақ, сол елдің
тілінде сӛйлей алу қабілетіне ие болу
оңай шаруа емес. Сондықтан, мұғалім-
нің маңызды тапсырмаларының бірі –
ағылшын тілі сабағында жаңа техноло-
гиялардың түрлі амалдарын қолдана
отырып, сӛйлеу дағдысын дамыту
болып табылады. Ағылшын тілін үйрету
үдерісінде компьютер технологияларын
қолдану сабақты қызықты жолмен
ӛткізуге кӛмектеседі. Мысалы, анима-
циялық
суреттер,
видео-кӛріністер,
кинодан үзінділер, презентациялар және
т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы кӛрсеті-
леді. Компьютер мониторындағы кӛрі-
ністер оқушының іс-қимылының арқа-
сында ӛзгеріп отырады. Бұл динамика-
лық және оқушының бар ойын ӛзіне
бағыттайды, сонымен қатар, оқу үдері-
сінде оқушының белсенділігі оянады.
Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі
тез
қабылдайды
және
оқушының
ынтасы мен қызығушылығы жоғарылап,
ағылшын тілін меңгеруге ынтасы
оянып, оқушылардың сӛйлеу дағдыла-
рын дамытуға ықпал жасайды.
Мектептерде де ақпараттық-ком-
муникативтік технология мен жұмыс
істеу ӛте пайдалы. Ӛйткені, нашар
оқитын оқушының ӛзі компьютермен
жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға
компьютер білмеген жерін кӛрсетіп,
кӛмекке
келеді.
Сонымен
бірге,
оқушының сӛйлеу дағдысын арттыра
отырып
білім
нәтижесіне
кӛзін
жеткізеді. Заманға сай техникалық
құралдарды ағылшын тілі сабақтарында
қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын
тиімді жол.
Сабақтың
параметрі
АКТ-ны қолданатын сабақ
Дәстҥрлі сабақ
Ақпаратты беру
Оқушылар ақпаратты неғұрлым
қаныққан, кӛрнекі түрде алады.
Мұғалімнің түсіндіруі, оқу-
лық бойынша параграфты
ӛз
беттерімен
оқуы,
кестелерді қолдануы.
Жұмыс қарқыны
Қарқыны әр оқушы ӛз қарқынымен
жұмыс істейді, тапсырмалар мен
мультимедиялық құралдар білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін,
олардың сол уақыттағы білім мен
дағды деңгейлерін есепке алады.
Мұғалім
сыныптағы
оқушылардың кӛпшілігіне
сәйкес
келетін
жұмыс
қарқынын қолданады.
Оқушымен
кері
байланыс
Түсіндіру кезінде, бекіту кезінде
іске асады.
Ағымдық бақылау.
Ақпараттық-коммуникативтік тех-
нологияны пайдалануда сабақтың мына-
дай ерекшеліктері бар:
-
мұғалім оқушыға сұрақ қойып,
тез арада оқушы оған жауап береді;
-
мұғалім
тапсырманың
дұрыстығын тексереді;
-
оқушының компьютермен жұ-
мыс барысында пайда болған қиындық-
тарды уақытында шешуге болады;
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
155
34
-
кейбір амалдарды оқушы ӛз
бетінше орындайды, компьютермен
жұмыс істеуге үйренеді;
-
сыныптағы оқушылардың бар-
лығынан жауап алуға болады және
алған білімдерін практикамен ұштас-
тырады;
-
білімі тӛмен оқушылардың ӛз
бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді.
Ағылшын тілі сабағын оқытудың
жаңа компьютерлік жүйесі шартты
белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы
нақтылыққа
дағдыланады.
Соның
негізіне оқытудың мынадай ұтымды
жақтарын атап кӛрсетуге болады. Олар
мыналар: оқушылардың ойлану дәреже-
сіне, материалды қабылдау ерекшелігіне
байланысты әрбір оқушы үшін жеке-
жеке компьютерде бағдарлама құрып,
дербес
жұмыс
жасауға
болады;
компьютер арқылы нашар оқитын
балаларды оқытудың тиімділігі артады;
компьютерді пайдалану уақытты үнем-
дейді; оқушының сабаққа деген қызы-
ғуын арттырады; білімді игертудегі
барлық материалдың сан алуан түрлі-
лігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер,
сурет-сызбалар,
диаграммалар
т.б;
тапсырмалардың әртүрлілігі; ӛз бетінше
жұмыс істеу мүмкіндігі; коммуникатив-
тік дағдыларын дамыту мүмкіндігі;
тапсырманың нақты, әрі түсінікті
берілуі; игерген жаңа білімді ӛз бетімен
бекітіп, қорытындылауы; жоғарғы оқу
орнына барғанда компьютермен еркін
жұмыс істеу мүмкіндігі.
Мұғалімдік мамандық бұл – адам-
тану, адамның күрделі және қызықты,
шым-шытырығы мол рухани жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық
шеберлік пен педагогикалық ӛнер – ол
даналықты жүректен ұға білу болып
табылады. В.А.Сухомлинский айтқан-
дай, мұғалім сандық технологияларды
ақпараттық-коммуникативтік техноло-
гияны қолдану арқылы оқушының
жүрегіне жол табуға болады екен.
Шульман мұғалімнің үш кӛмек-
шісі «Бас, қол, жүрек» деп атаған. Яғни,
тұғырлы теориялық білім, тәжірибелік
дағдылар, жылы жүрек осы үшеуі
болғанда ғана сапалы оқыту мұғалім
бейнесінен табылады. Бұл адам жағы-
нан болса, ал техника жағынан кӛмекші
ол – ақпараттық-коммуникативтік тех-
нология деп есептер едім. Ақпараттық-
коммуникативтік технологияны пәндік
білімге
ықпалдастыру
мұғалімнің
қарқынды дамуына қажет және де оқу
мен
оқыту
үдерістерінің
білікті
кӛрсеткіші.
Сабақтағы жетістіктер:
-
оқушылардың сыни тұрғыда
ойлана білуі;
-
падкаст арқылы бірінің пікірін
бірі тыңдауы, бір-біріне кӛмектесе
алуы, ата-ана, бала, мұғалім арасындағы
байланыстың болуы;
-
талантты және дарындылықты
айқындауға, дамытуға, мүмкіндіктің
болуы;
-
басқалардың түрлі идеяларын
түсіне отырып ӛз идеясын ортаға салуы;
-
кері байланыс алудың мүм-
кіндігі.
Әр сабағымда сӛз әрекетінің тӛрт
түрі де қолданылды: тыңдау, сӛйлеу,
оқу, жазу. Әр сабақ тӛмендегілерді
қамтиды: Ақпараттық-коммуникативтік
технология үзіліссіз тілдік қарым-
қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-
білген материалды қайталаудың арқа-
сында дағдыларды машықтандырғанға
дейін меңгертілді; компьютер оқушы-
ның ӛзіндік жұмысын ұйымдастырды;
оқушымен тікелей жұмысты іске
асырады; компьютер оқытудың аудио
және бейне құралдардың мүмкіндікте-
рін табысты байланыстырды. Сонымен
қатар, үй тапсырмасына интернет
желісінен қарауға тапсырмалар бердім.
Кейбір оқушыларымның үйінде интер-
нет желісі болмағандықтан, мектеп
әкімшілігімен келісіп сабақ берген
сыныбының
оқушыларына
түстен
кейінгі мезгілде мектептегі интернет
желісімен жұмыс жасауға рұқсат алып
бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |