1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


 Аналық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік)



бет137/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

75. Аналық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік).

Анықтамасы

Аналық без – әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секреция бездері деп аталады. Аналық бездің пішіні овоид тәрізді, ұзындығы – 3 см, ені 2 см, қалыңдығы-1 см, салмағы- 5 -8 г. Аналық без жамбастың екі жақ бүйірінде жатырдың жалпақ байламының артында орналасқан. Түсі ақшылқызғылт. Аналық бездің ойығы бар, бұл жерден артерия мен нерв енеді, вена мен лимфа тамырлары шығады.

Аналық без қызметі

Аналық бездің қызметі геминативті (овогенез, овуляция) және эндокринді (эстороген және прогестерон гормондарын бөліп шығарады);

Аналық безден бөлінетін басты стероидты гормондарға эстрогендер, прогестерон және андрогендер жатады. Эстрогендерге эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Эстрадиол (Е2) гранулеза жасушаларыменсекрецияланады. Эстрон (E1) эстродиолдың шеткері ароматизация жолы арқылы түзіледі; эстриол (Е3) аналық бездерде қалдықты мөлшерде


синтезделеді; эстроиолдың басты көзі бауырда эстрадиол мен эстронның
гидроксильденуі болып табылады. 

Басты прогестагенді гормонға (прогестин) сары денемен синтезделетін прогестерон жатады. Негізгі аналық безандрогені, тека жасушаларымен синтезделетін андростендион болып


табылады. Қалыпты жағдайда әйел ағзасындағы андрогендердің басым көпшілігі бүйрек үсті безінде синтезделеді. Эстрогендер мен прогестерон синтезіне қажетті қосылыс холестерин болып табылады. Жыныс гормондарының биосинтезі кортикостероидтар секілдіөтеді. Аналық бездің стероидты гормондары бүйрек үсті безінің гормондары секілді жасушаларда жиналмайды, яғни синтез үрдісі барысында секрецияланады. Қан арнасында стероидты гормондардың басым бөлігітранспортты ақуыздармен байланысады: эстрогендер — жыныс гормондарын байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ), прогестерон — кортизол байланыстырушы глобулинмен (транскортин). Эстроген, прогестин жәнеандрогендердің әсер ету механизмі басқа стероидты гормондардың әсер ету механизміне ұқсас. Эстрогендердің басты метаболиттеріне әлсіз эстрогендібелсенділікке ие катехолэстрогендер (2-оксиэстрон, 2-метоксиэстрон, 17эпистриол) жатады; ал прогестеронның негізгі метаболиті- прегнандиол.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет