1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет18/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Сүйектің қызыл кемігі түтікті сүйектердің эпифизінде және көптеген кеуекті сүйектердің қуыстарында орналасады. Жалпы дене салмағының 3-4% құрайтын, қоймалжың, консистенциялы келген, қою қызғылт түсті құрылым. Құрылысына келсек: сүйектің қызыл кемігі гемопоэтикалық және стромалық компоненттер мен миелоидты тінді қалыптастырады.Жеке тоқталып өтсек:
1.Стромалық компонентті ретикулоциттер, ретикулинді талшықтар, остеогенді, адвентиция жасушалары ,эндотелиоцит, адипоциттер мен макрофагтар түзеді. Ретикулоциттер өсінділері арқылы ретикулинді талшықтармен бірлесіп тор түзеді де тіректік қызмет атқарады. Сонымен қатар бұлар 3-ші типті коллегенді, проэластинді микрофибриллярлы ақуыздарды секрециялайды және өсу факторларын бөледі.
Остеогенді жасушалар тіректік жасушалар. Бұлар остеобласттарды, преостеобласттарды және өсу факторларын синтездейді, және эдостосқа жақын орналасады. Осыған байланысты бағаналы жасушалар концентрациясы басқа бөліктерге қарағанда 3 есе көп болады.
Адвентиция жасушалары синусоидты қан капиллярларының сыртқы беткейін қоршап жатады. Гемопоэтикалық факторлар әсерінен жиырылуға қабілетті болып келеді. Осы жиырылу кезінде тамырларға қан элементтері өтеді.
Эндотелиоцит жасушасы қан капиллярларының ішкі қуысын жауып жатады. 4-ші типті коллогенді синтездейді. Антигенді қасиеті бар фибронектин ақуызын бөледі және де жасушалардың бір-біріне жабысуын қамтамасыз етеді.
Адипоциттер сүйек кемігінің тұрақты элементі.
Макрофагтар простогландинды және интерферонды бөледі. Өсінділері арқылы синус қабырғаларына өтіп, қаннан темір қосылысты ұстап қалып, жетіліп жатқан эритроциттерге береді. Бұзылған, толық жетілмеген жасушалар мен жасуша қалдықтарын фагоцитоздайды
2.Гемопоэтикалық компонентке: гемопоэз жасушалары: бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары, әр түрлі даму сатысындағы бласттар, эритробласттар, мегакариобласттар, лимфобласттар, мегакариоциттер, промиелоциттер, промоноциттер, пролимфоциттер және қанның толық дифференцияланған пішіндік элементтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет